Қазақстанның мемлекеттік наградалары

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:38, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары — Қазақстан Республикасы азаматтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген шет мемлекет азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды жемісті мемлекеттік, қоғамдық, шығармашылық қызметі, еңбектегі және жауынгерлік ерліктері үшін марапаттау нысандары.

Мемлекеттік наградалармен марапаттауды Қазақстан Республикасының Президенті жүзеге асырады.

Ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгілері

Ордендер

Үлгі:Негізгі мақала

Медальдар

Үлгі:Негізгі мақала

Құрметті атақтар

Үлгі:Негізгі мақала

Аналарға арналған марапаттар

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен экономикадағы, оқу-ағарту ісіндегі, әскери және өзге мемлекеттік, қоғамдық қызметтегі елеулі жетістіктерге жеткен азаматтар, сондай-ақ халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал еткен шығармашылық ұжымдар марапатталады.

Мерекелік медальдар

Мемлекеттік сыйлықтар

Ведомстволық марапаттар

Үлгі:Негізгі мақала

Жалпы ережелер

Ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгілері — «Алтын Қыран» ордені, «Халық қаһарманы» және «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да ордендері, медальдары, құрметті атақтары және Құрмет грамотасы мемлекеттік наградалар болып табылады.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік марапаттарының атаулары мемлекеттік тілде белгіленеді. Мемлекеттік марапаттардың сипаттамасын, наградаларға арналған құжаттардың (кітапшалар, куәліктер) үлгілерін, мемлекеттік марапаттарға ұсыну және оларды тапсыру тәртібін және өзге де құжаттар мен ережелерді Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

Негізгі қағидалар

  • Бір адам (дәрежелері бар наградаларды қоспағанда) ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгілерімен, сол орденмен немесе медальмен екі мәрте марапатталмайды.
  • Құрметті атақтар қайталап берілмейді.
  • Ел мүддесін қорғау үстінде көрсеткен батылдығы, ерлігі, қаһармандығы үшін мемлекеттік наградалармен қайтыс болғаннан кейін де марапаттау жүргізілуі мүмкін.

Ордендердi, медальдарды және басқа да ерекше белгiлердi тағып жүру тәртібі

Ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгілері — «Алтын Қыран» ордені және Алтын жұлдыз сол жақ омырауға ордендер мен медальдардың үстінен тағылады. Құрметті атақтар белгілері оң жақ омырауға тағылады.

Қазақстан Республикасының ордендері мен медальдары сол жақ омырауға тағылады. Орден белгісін иық лентасына тағу кезінде ол оң иық арқылы өтеді. Осы орденнің жұлдызы сол жақ омырауға ордендерден солға қарай орналасады. Марапатталған адамдар ордендер мен медальдардың орнына белгіленген үлгідегі марапаттар рәмізін тағып жүре алады.

Егер марапатталушыда бұрынғы КСРО-ның және өзге де шет мемлекеттердің мемлекеттік марапаттары болған жағдайда, олар белгіленген ретпен Қазақстан Республикасының марапаттарынан кейін тағылады.

Мемлекеттік марапаттардың және марапатталған адамдардың мәртебесі

Жоғары дәрежелі ерекшелік белгілеріне ие болған азаматтарды марапаттау туралы деректер Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын Қазақстан Республикасының Даңқ кітабына жазылады. Қазақстан Республикасының Даңқ кітабын жүргізу және сақтау ережесін, сондай-ақ оның сипаттамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

«Алтын алқа» алқасымен марапатталған немесе бұрын «Батыр-Ана» атағына ие болған көп балалы аналар белгіленген нормалар бойынша тұрғын үй алаңымен бірінші кезекте қамтамасыз етіледі. Отбасы мүшелерімен бірге тұрғын жайды ұстап-күтуге, сондай-ақ коммуналдық қызметке шығыстарды төлеу үшін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.

«Күміс алқа» алқасымен марапатталған көп балалы аналарға жеңілдіктер жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен белгіленуі мүмкін.

Мемлекеттік марапаттарды сақтау және дубликаттар

Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттарына ие болған адамдар олардың сақталуын қамтамасыз етуге тиіс. Мемлекеттік марапаттар мен оларға қоса берілген құжаттар жоғалған жағдайда марапатталған адамдар марапаттарға құқығын сақтайды.

Жоғалғандардың орнына «Алтын Қыран» орденінің, Алтын жұлдыздың, ордендердің, медальдар мен омырауға тағатын ерекше белгілердің дубликаттары, әдетте, берілмейді. Ерекше ретте дубликаттар Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік марапаттар жөніндегі комиссияның шешімімен өрт, жер сілкінісі және басқа да дүлей апаттар салдарынан жоғалған жағдайда ғана берілуі мүмкін.

Марапаттау туралы құжаттар жоғалған жағдайда олардың дубликаттары жергілікті атқарушы органдардың өтініші бойынша Мемлекеттік марапаттар жөніндегі комиссияның шешімімен беріледі.

Мұрагерлік және музейге тапсыру

Қайтыс болған марапатталған азаматтардың және қаза тапқаннан кейін марапатталғандардың ордендері, медальдары, құрметті атақтарға қоса берілетін омырауға тағатын белгілері, сондай-ақ марапаттау туралы құжаттар отбасына естелік ретінде сақтауға қалдырылады.

Мұрагерлердің келісімімен марапаттар мен марапаттау туралы құжаттар сақтау және экспонат ретінде көрсету үшін музейлерге берілуі мүмкін. Егер мұрагерлер болмаса, марапаттар мен марапаттау туралы құжаттар Қазақстан Республикасының Президентіне қайтарылады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттарын айыру

Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттарынан айыруды марапатталған адам қылмысы үшін сотталған жағдайда — заңда белгіленген негізде және тәртіппен соттың ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президенті жүргізеді.

Мемлекеттік марапаттарынан айырылған кезде марапаттар және оларға қоса берілген құжаттар Қазақстан Республикасының Президентіне қайтарылуға тиіс. Заңсыз сотталған және толық ақталған азаматтардың мемлекеттік марапаттарға құқығын Қазақстан Республикасының Президенті сот шешімі негізінде қайта қалпына келтіреді.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Қазақстан марапаттары