Медет Жиенбайұлы
Үлгі:Тексерілмеген мақала Үлгі:Толықтыру Медет Жиенбайұлы (1888, Алматы облысы, Балқаш ауданы, Көкжиде ауылы — белгісіз) — халық ақыны, жырау, шайыр.
Өмірбаяны
Медет Жиенбайұлы 1888 жылы Алматы облысы, Балқаш ауданы, Көкжиде ауылында дүниеге келген. Ес біліп, есейген шағынан бастап бойына біткен табиғи ақындық қасиетімен ерте ерекшеленеді. Жастық шағында ауыл арасындағы той-жиындарда өлең айтып, айтысқа түсіп, ақындық өнерімен таныла бастайды<ref>«Балқаш өңірі» газеті, 08.08.1998 жыл.</ref>.
Екі ғасырдың куәгері болған қарт ақын ақылдылығымен ғана көрініп қойған жоқ, ол Балқаш ауданындағы алғашқы қоғамдық ұйымдастыру жұмыстарының алдыңғы қатарында болды. Заман өзгерістеріне байланысты сол кезеңдеғы жаңа заманды жырлап, «Ұлы Октябрьге арнау», «Көсемге», «Туған еліме» секілді жырларын шығарған.
Шығармашылық жолы
Медет ақын кезінде атақты Біржан салмен айтысқан, қазақтың белгілі ақын қызы Сарамен кездескен. Жамбыл ақынның төңірегінде топтасқан Қалқа Жапсарбаев, Кенен Әзірбаев, Нүрия, Табиялармен талай шаршы топта сөз сайысына түсіп, дәмдес-сырлас болған<ref name="balqash1999">«Балқаш өңірі» газеті, 20.02.1999 жылғы саны.</ref>.
Ақынның қолма-қол еңбек үстінде жұртты жұмылдыруға арнап шығарған өлеңдері кезінде аудандық және облыстық газеттерде жиі жарияланып тұрған<ref name="balqash1999" />. 1987 жылы «Шұғыла» атты халық ақындарының жыр кітабында Медет ақынның бір топ өлеңдері қайта басылып шықты.
Танымал шығармалары:
- «Медет пен Күләштің айтысы»
- «Балқаш байлығы»
- «Сыр»
- «Қуаныш»