Сайрам шыңы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сайрам шыңы – Өгем жотасының ең биік жері (4299 м), Ақсу-Жабағылы қорығының оңтүстік-батысында, Қазақстан (Түркістан облысы) мен Өзбекстан шекарасында орналасқан.
Геологиялық құрылымы
Негізінен тақтатас, құмтас, әктасты жыныстардан түзілген. Беткейлері тік құлама құзды. Аумақты мұздықтармен құрсалған.<ref>Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы</ref>