Еншіқарман

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
17:41, 2024 ж. қарашаның 6 кезіндегі Casserium (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ойпат Еншіқарман Еділ-Жайық алабындағы ойыс, көлтабан.

Географиялық орны

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы жерінде, Сарыөзен өзенінің орта ағысының оң жағасында, теңіз деңгейінен 25–30 м жоғары орналасқан.

Жер бедері

Аумағы 57 км2, ұзындығы 25 км, ені 0,5–3 км. Жағасы жайпақ, құмды. Негізінен көктемгі қар суымен толығады. Суы тұщы, жаз ортасына дейін мал суарады, суы тартылғаннан кейін шабындыққа пайдаланылады.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер