Өліқолтық

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
22:54, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Өліқолтық– Каспийдің солтүстік-шығысындағы сор. Маңғыстау облысы аумағында жатыр. Ұзындығы 180 км, ені 80 км, аумағы 12,0 мың км2-ден астам. Сор Каспийдің солтүстік-шығыс жағалауындағы Комсомол шығанағы суының тартылуынан пайда болған. Шығыс Еуропаның оңтүстік-шығысындағы эпигерциндік платформасының Оңтүстік Жем көтерілімінде орналасқан. Шөгінді, сортаңды, лайлы түбі теңіз деңгейінен 26,5 м төменде жатыр. Бетін қабыршақтанған тұз қабаты жапқан, өсімдік жамылғысы өте сирек. Айнала жағалауы негізінен ойпаңдау келеді. Өліқолтықтың оңтүстік-шығысы Үстірттің батыс кемеріне, оңтүстігіндегі Қайдақ сорына ұласады. Өліқолтық сорынан және онымен іргелес жатқан өңірден мұнай мен газдың мол қоры барланып, игерілуде (Боранқұл мұнай кен орны, Бозащы мұнай-газ кен орны, Қаламқас мұнай кен орны, т.б.). Теңізден соққан дауылды желдің әсерінен Каспийдің суы кейде сорды басып қалады. Геоморфологиялық зерттеулер бойынша Каспий теңізінің ауытқуы уақыт өткен сайын өзгеріп отырған. Қазіргі климаттық және антропогендік факторлар әсерінен теңіз деңгейі 1978 жылдан бері 2,7 м-ге көтерілген. Нәтижесінде Өліқолтық аумағының басым бөлігі судың астында қалып қойды. Бірнеше елді мекендер (Қаратон кенті, т.б.) мен мұнай қалашықтары басқа жерлерге көшірілді.

<ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub