Рүстем Мұқашұлы Елубаев
Рүстем Мұқашұлы Елубаев — Аққайың ауданының әкімі. 1969 жылы 27 шілдеде Көкшетау облысы Қызылту ауданының Май ауылында туған. Қазақ. Анасы - Елубаева Сәлима Молдағалиқызы (1944 жылы туған), зейнеткер. Қазақ және орыс тілдерін біледі.
Хронологиясы
- Көкшетау ауыл шаруашылығы институтын (1991) ғалым-агроном мамандығы бойынша;
- Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау ауыл шаруашылығы университетін (2006) экономика бакалавры мамандығы бойынша бітірген.
- 1986 жылдан - Көкшетау ауыл шаруашылығы институтының студенті.
- 1992 жылдан - Көкшетау облысы Ленин ауданының «Май» кеңшарының тұқым өсіруші-агрономы.
- 1994 жылдан - Көкшетау облысы Ленин ауданы «Жаңа ауыл» ұжымдық ауыл шаруашылығы кәсіпорынының бас агрономы.
- 1999 жылдан - «Солтүстік қазақстан облысы жерлерін пайдалану мен қорғауды бақылау облыстық мемлекеттік инспекциясы» ҚМКК Көкшетау қаласы бойынша Жер инспекциясының жетекші маманы.
- 2000 жылдан - «Азық-түлік корпорациясы» ЖАҚ Ақмола облыстық өкілдігінің жетекші маманы, сапаны бақылау жөніндегі бас маманы, директорының орынбасары (Көкшетау қаласы).
- 2005 жылдың мамырынан - «Азық-түлік корпорациясы» АҚ Батыс Қазақстан облыстық өкілдігінің директоры (Орал қаласы).
- 2005 жылдың желтоқсанынан - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі.
- 2006 жылдан - СҚО Уәлиханов ауданының әкімі.
- 2007 жылдан - СҚО Жер қатынастары басқармасының бастығы.
- 2009 жылдың мамырынан бері - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімі.
- 2013 жылдан - СҚО әкімдігінің СҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының басшысы.
- 2015 жылдан - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің фитосанитариялық диагностика және болжау республикалық әдістемелік орталығының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры.
- 2019 жылдың қыркүйегінен бері - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімі.
- 2024 жылдың тамызынан бері - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімі.
Жетістіктері
- «Қазақстан Конституциясына Южыл» медалімен (2005),
- ҚР Президентінің құрмет грамотасымен (2008) марапатталған.
Әскери атағы - аға сержант. Діни көзқарасы - исламның дәстүрлі ағымын ұстанушы. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы -«Орталық Азия аймағындағы ең мықты мемлекет». Хоббиі - спорт (хоккей, волейбол, стол үсті теннис). Сүйіп оқитын әдебиеті - көркем әдебиет, детективтік жанр. Үйленген. Жұбайы - Елубаева А.К. (1969 жылы туған), медицина саласының қызметкері. Қыздары - Елубаева Дамира (1992 жылы туған), Елубаева Әмина (2004 жылы туған); ұлы — Мұқашев Дархан (1994 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>