Әнуар Дүтбайұлы Шелекпаев
Шелекпаев Әнуар Дүтбайұлы (1939 жылы туған, Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылы) – экономика ғылымының докторы (1993), профессор Алматы мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын (1961, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) және Ресей ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын (1972) бітірген. Алматы облысы Ұзынағаш ауылында жұмысшы, агроном, бөлім меңгерушісі, Экономика және агроөндірістік кешенді ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтында (1974–1980), Талғар аудандық мамандандырылған шаруашылық бірлестігінде (1980–1983), Қазақ КСР-і Мемлекеттік жоспарлау кoмитетінің жанындағы институтта (1984–1989), Қазақстан Республикасы Экономика министрлігі жанындағы ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметтер (1990–1996) атқарған. 50-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.<ref name="source1">Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер:
<references/>