Сүтішев Кәрім Рахымұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:29, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Кәрім Сүтішев көшесі.jpg
Солтүстік Қазақстан облысы, Бескөл ауылындағы көше атауы

Сүтішев Кәрім Рахымұлы (туған жылы белгісіз – 1.6.1918, Петропавл) – қоғам қайраткері, революционер. 1904 жылы РК(б)П қатарына еніп, оның Петропавл өңіріндегі белсенді мүшесі болды. Марксизм ілімін таратушы ретінде танылды. 1917 жылы наурызда Петропавл жұмысшы және солдат депутаттары кеңесін ұйымдастыруға қатысты. Петропавл қалалық ревкомның мүшесі болып қазақ және татар тұрғындары арасында насихат жүргізетін бөлімін басқарды. 1918 жылы ақ чехтар Солтүстік Қазақстан өңіріндегі кеңестер билігін құлатқан кезде тұтқындалып, түрмеде қаза тапты. Петропавлда К.Р.Сүтішев есімімен аталатын көше бар.

Дереккөздер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub