Артём Витальевич Котенко

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:07, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Музыкант Артём Витальевич Котенко (Үлгі:Lang-uk; 12 қаңтар 2012<ref name="2020-2024">Үлгі:Cite web</ref>, Ахтырка, Сумы облысы, Украина) — украиналық әнші. 2024 жылы «Junior Eurovision 2024» ән байқауында «Hear Me Now» әнімен Украина атынан өнер көрсетіп, 3-орынды иеленді. Ән байқауы 2024 жылдың қараша айында Испанияның Мадрид қаласында орын алды.

Өмірбаяны мен мансабы

Украинаның Ахтырка қаласында туылған Артём 2020 жылдың басынан, 8 жасынан бастап әртүрлі балалар ән байқауларына белсенді түрде қатысып келеді.<ref name="2020-2024"/>

2024 жылдың 24 шілдесінде Украинаның 2024 жылғы Junior Eurovision ән байқауына ұлттық іріктеу байқауы барлық қабылдаған өтініштердің арасынан 15 лонг-листке енген әртістер тізімін жариялады, оның ішіне басқа қатысушылар сияқты өзінің өтініш онлайн жіберген 12 жасар Артём де кіргені белгілі болды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref> 2024 жылдың 2 қыркүйегінде 15 әртістің арасынан 10 әртіс таңдалынып алынды.<ref>Үлгі:Cite web</ref> 2024 жылдың 8 қыркүйегінде Артём Украинаның 2024 жылғы Junior Eurovision ән байқауына ұлттық іріктеу байқауына өткен финалист алты әртістің қатарына кіргені жарияланды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref> Украинаның 2024 жылғы Junior Eurovision ән байқауына ұлттық іріктеу байқауының финалы 2024 жылдың 22 қыркүйек күні өтті. Финалда Артём Котенко Злата Иванивпен бірдей 11 ұпай жинайды, бірақ Артём көрермендерден бір ұпайға көбірек жинап, жеңімпаз атанды.<ref name=":4">Үлгі:Cite web</ref><ref name=":5">Үлгі:Cite tweet</ref> Артёмнің әні ұлттық іріктеу байқауында «Дім» (Үй) деп аталғанымен, 6 қазан күні ән атауы «Еуропаға түсініктірек болуы үшін» «Hear Me Now» (Мені қазір тыңда) атауына ауысты.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Ән сөзі украин және ағылшын тілдерінде болды, оны осы байқауға арнайы Светлана Тарабарова жазды. 2024 жылғы 16 қарашада Мадрид қаласында өткен «Junior Eurovision 2024» ән байқауында Артём Украина атынан өнер көрсетіп, көрермендердің және қазылар алқасының дауыс саны бойынша екінші орынды, ал жалпы дауыс саны бойынша 203 ұпаймен 3-орынды иеленді.

2024 жылдың 27 желтоқсанында Влад Дарвиннің Артёмнің қатысуымен «Три сестри» әніне арналған музыкалық клипі шықты шықты.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2025 жылдың 8 ақпанында Украинаның «Eurovision 2025» ән байқауына Ұлттық іріктеуінде ол Светлана Тарабаровамен бірге интервалда өнер көрсетті.<ref>Үлгі:Cite Instagram</ref> Артём Котенко мен Светлана Тарабарова «Hear Me Now» әнінің Ресейдің Украинаға басып кіруі кезіндегі Ресейге заңсыз депортацияланған украиналық балалар тақырыбындағы арнайы нұсқасын орындады.<ref>Үлгі:Cite web</ref> 2025 жылдың 18 шілдесінде ол өзінің REPEAT дебюттік студиялық альбомын шығарды, оған жаңа әндер де, бұрын шығарылған синглдар да кірді.<ref name="REPEAT">Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref> Сол күні Junior Eurovision ән байқауына іріктеу жеңімпаздары мен басқа да қатысушыларымен бірге Atlas Festival 2025 фестивалінің бірінші күнінде Blockbuster Mall сахнасында өнер көрсетіп, «Hear Me Now» әнін орындады және альбомын таныстырды.<ref>Үлгі:Cite web</ref> 2025 жылдың 12 қазанында Украинаның «Junior Eurovision 2025» ән байқауына «Ұлттық іріктеуінде» шоуды «Hear Me Now» әнімен ашты.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2025 жылдың 13 желтоқсанында Тбилисиде өткен «Junior Eurovision 2025» ән байқауында Украина атынан ұпай жариялаушы ретінде шықты. Украина ұлттық қазылар алқасының дауыс беру нәтижесі бойынша Арменияға ең жоғары 12 балл берілетінін жариялады.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

Дискографиясы

Альбомдар

Атауы Ақпарат
REPEAT

Синглдер

Жыл Атауы Альбом немесе
шағын альбом
2024 Hear Me Now Үлгі:N/a
Напевно, даремно REPEAT
2025 BFF
(Nicole-мен бірге)
Үлгі:N/a
Фільтри REPEAT
Хай пишуть
(VOLIANSKA-мен бірге)
Үлгі:N/a
Я лечу REPEAT
Знову на репіт
Про тебе
Неідеальні
Нон стоп
Golden Union rowspan="2" Үлгі:N/a
BAM BAM BAM
(DEMI-мен бірге)

Музыкалық видеолар

Жыл Атауы Режиссёр
2025 BFF Александр Гирченко
Фільтри Данил Демехин
Знову на репіт Назар Гловяк
BAM BAM BAM Леся Гуровская

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Commonscat

Үлгі:S-start Үлгі:S-ach Үлгі:Succession box Үлгі:S-end

Үлгі:Портал жолағы Үлгі:Украина Junior Eurovision ән байқауында Үлгі:Junior Eurovision ән байқауы Үлгі:Сыртқы сілтемелер