Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Атакент (кент)"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (Таттибаева Гулжас (т) өңдемелерінен InternetArchiveBot соңғы нұсқасына қа)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:03, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан

Атакент (1998 жылға дейін – Ильич)<ref>Жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң атауын өзгерту туралы</ref> — Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы кент, темір жол бекеті, Атакент кенттік әкімдігі мен Мақтаарал ауылдық округінің орталығы.

Географиялық орны

Аудан орталығы – Мырзакент кентінен солтүстік-батысқа қарай 18 км-дей жерде.

Халқы

Саны (1999, 2009, 2021)<ref name="source122">2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Үлгі:Webarchive</ref><ref>2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары</ref>
1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
13620 Үлгі:Өсім16402 Үлгі:Өсім19240 117,3 7937 Үлгі:Өсім9531 120,1 8465 Үлгі:Өсім9709 114,7

Тарихы

Іргесі 1924 жылы мақта өсіретін Мақтаарал совхоз-техникумы ұйымдастырылуына байланысты құрылып, 1932 жылы Ильич кентіне айналды. 1940-57 жылдары аудан орталығы болды. 1969 жылы кентте одақтық маңызы бар «Мақтаарал» тәжірибе стансасы құрылды. 1998 жылдан Атакент аталады. «Мақтаарал» мақта шаруашылығы негізінде 2 акционерлік қоғам, 3 өнеркәсіп, бірнеше шаруа қожалықтары құрылып, «ЮТЕКС» жаңа мақта тазарту зауыты, шитті мақта қалдығынан (улюк) медициналық мақсаттарға пайдаланатын мақта (вата) шығаратын фабрика іске қосылды.

Инфрақұрылымы

Жалпы білім беретін 4 мектеп (№5 Мақтаарал мектеп-гимназия, №6 Қ. Сәтпаев атындағы ЖОМ, №7 В. Комаров атындағы ЖОМ, №8 О. Бапышев атындағы ЖОМ), 14-ші кәсіптік-техникалық мектеп, аурухана, «Халықтар достығы» сарайы, 2 мейманхана, спортзал, Алпамыс батыр атындағы футбол стадионы және т.б. мекемелер жұмыс істейді. Кент арқылы ТашкентЖизақ, ШымкентЖетісай автомобиль жолы өтеді.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Мақтаарал ауданы елді мекендері