Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Нотариустың құқықтары мен міндеттері"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиеттер → Дереккөздер using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:30, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Нотариустың:
- өзіне өтініш жасаған жеке және заңды тұлғалардың мүдделеріне орай Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген нотариалдық қызметті атқаруға;
- мәмілелердің, арыздардың және өзге де құжаттардың жобаларын жасауға;
- құжаттардың көшірмелері мен олардан үзінділер әзірлеуге;
- нотариалдық қызмет көрсету мәселелері бойынша кеңестер беруге;
- жеке және заңды тұлғалардан нотариалдық қызмет көрсетуіне қажетті құжаттар мен мәліметтерді талап етуге;
- оқытушылық және шығармашылық қызметпен айналысуға, соның ішінде жалдану шарты бойынша;
- техникалық сипаттағы өзге де ақылы қызметтер көрсетуге құқығы бар.
Нотариустың міндеттері:
- нотариат қызметін реттейтін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтык актілердің талаптарына сәйкес нотариалдық қызмет көрсету;
- азаматтар мен заңды тұлғаларға құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, жасалатын нотариалдық іс әрекеттердің зардаптарынан сақтандыру;
- заңнамаға сәйкес келмейтін жағдайда нотариалдық қызмет көрсетуден бас тарту;
- кәсіптік этиканы сақтау;
- өз іс-әрекетіне жасалған шағымдар бойынша әділет органдары мен нотариалдық палатаға жасалған нотариалдық іс-әрекеттер туралы мәліметтер беру, ал қажет болған жағдайда — жеке түсініктеме, соның ішінде, кәсіби әдептерін сақтамағандығы туралы түсініктеме беру.<ref>Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарльқ бағытындағы 11-сыныбына
арналған оқулық / А.Ибраева, Б.Қуандыков, Ш.Маликова, С.Есетова. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 192 бет. ISBN 9965-36-002-2</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub:Құқық Үлгі:Wikify