Нотариустың құқықтары мен міндеттері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нотариустың:

  • өзіне өтініш жасаған жеке және заңды тұлғалардың мүдделеріне орай Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген нотариалдық қызметті атқаруға;
  • мәмілелердің, арыздардың және өзге де құжаттардың жобаларын жасауға;
  • құжаттардың көшірмелері мен олардан үзінділер әзірлеуге;
  • нотариалдық қызмет көрсету мәселелері бойынша кеңестер беруге;
  • жеке және заңды тұлғалардан нотариалдық қызмет көрсетуіне қажетті құжаттар мен мәліметтерді талап етуге;
  • оқытушылық және шығармашылық қызметпен айналысуға, соның ішінде жалдану шарты бойынша;
  • техникалық сипаттағы өзге де ақылы қызметтер көрсетуге құқығы бар.

Нотариустың міндеттері:

  • нотариат қызметін реттейтін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтык актілердің талаптарына сәйкес нотариалдық қызмет көрсету;
  • азаматтар мен заңды тұлғаларға құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, жасалатын нотариалдық іс әрекеттердің зардаптарынан сақтандыру;
  • заңнамаға сәйкес келмейтін жағдайда нотариалдық қызмет көрсетуден бас тарту;
  • кәсіптік этиканы сақтау;
  • өз іс-әрекетіне жасалған шағымдар бойынша әділет органдары мен нотариалдық палатаға жасалған нотариалдық іс-әрекеттер туралы мәліметтер беру, ал қажет болған жағдайда — жеке түсініктеме, соның ішінде, кәсіби әдептерін сақтамағандығы туралы түсініктеме беру.<ref>Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарльқ бағытындағы 11-сыныбына

арналған оқулық / А.Ибраева, Б.Қуандыков, Ш.Маликова, С.Есетова. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 192 бет. ISBN 9965-36-002-2</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Құқық {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}