Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Дарақ (ағаш)"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:15, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы

Дарақ - ерекше биік өскен ағаш, терек. Парсы тілінен енген дарақ сөзі «ағаш» деген мағынаны білдіреді. Сыр бойының қазақтары дарақты «терек» атауының және ағаш сөзінің орнына қолдана береді. Дәстүрлі ортада жапан түзде жалғыз өскен дарақты әулие көлеңкелеген, әулиенің аяғы тиген деп кие тұтқан. Үлкен, биік ағаштарды дарақ деп айту ауыз әдебиеті үлгілерінде де, жыраулар шығармаларында да ұшырасады. Бұқар жырларында (хан Абылай, Абылай) кездесетін: Қарағай - судан қашықтап, Шөлге біткен бір дарақ. Шортан - шөлге шыдамсыз, Балықтан шыққан бір қарақ - деген жолдар осының айғағы.

Биік боп жалғыз өскен немесе бастау басында өскен ағаштарды кие тұту Әулие ағаш ұғымымен астасады.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Stub