Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Кабаре"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш Шарапхана» деген санатты аластады; «Ойын-сауық» деген санатты қосты (HotCat құралының көмегі...)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:13, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы

Кабаре (франц. cabaret – шағын шарапхана) – ақын, музыкант, актерлер импровизациялық ойын-сауық көрсететін кафелер мен мейрамханалар атауы.

Мұнда өмірдің өзекті мәселесіне арналған өлеңдер оқылып, әндер айтылған. Бағдарламаны көрермендермен әзілдесіп, олардың көңілін көтеріп отыратын конферансье жүргізеді. Кабаре 19 ғасырдың 80-жылдары Францияда (негізінен, Парижде) кең таралды. Кабаре сахнасында эстраданың кәсіби артистері де ойын көрсететін. 1908 жылы Мәскеуде “Летучая мышь” және Санкт-Петербургте “Кривое зеркало” кабаресі құрылды. Қазіргі Батыс Еуропа елдерінде кабаре жеңіл, көңіл көтеруден аспайтын эстрадалық бағдарламасы бар мейрамханалар, түнгі клубтар түрінде ұйымдастырылған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub