Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Үй көрсету"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(Cat-a-lot: Тасымалдануда... Санат:Әдет-ғұрыптар → Санат:Салт-дәстүрлер) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:12, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Жаңа түскен келінді туыс-туған, көрші-қолаң, ағайын жекжаттар үй көрсетуге, яғни есік ашарға шақырады. Мұның мағынасы келін отбасымен танысып, үйге келіп жүрсін деген сөз. Бұл үйге келін құр қол емес, кәде-жорасымен барады. Мұны «ілу» дейді. Бұл мәселені шақырған үйдің дәрежесіне лайықтап, келіннің енесі шешуі керек. Мұнымен бірге келінді шақырған үйлер келіннің мінез-құлқын, жүріс-тұрысын – яғни әдеп, тәртібін байқап, сынап отыратыны да бар. Мұны болашақ келіндер ескере жүруі керек. Өйткені аталған дәстүр әлі жалғасып келе жатыр.
Дереккөздер
Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары (Қазақ мәдениетінің суретпен безендірілген энциклопедиялары) "Атамұра",-Алматы.