Үй көрсету

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жаңа түскен келінді туыс-туған, көрші-қолаң, ағайын жекжаттар үй көрсетуге, яғни есік ашарға шақырады. Мұның мағынасы келін отбасымен танысып, үйге келіп жүрсін деген сөз. Бұл үйге келін құр қол емес, кәде-жорасымен барады. Мұны «ілу» дейді. Бұл мәселені шақырған үйдің дәрежесіне лайықтап, келіннің енесі шешуі керек. Мұнымен бірге келінді шақырған үйлер келіннің мінез-құлқын, жүріс-тұрысын – яғни әдеп, тәртібін байқап, сынап отыратыны да бар. Мұны болашақ келіндер ескере жүруі керек. Өйткені аталған дәстүр әлі жалғасып келе жатыр.

Дереккөздер

Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары (Қазақ мәдениетінің суретпен безендірілген энциклопедиялары) "Атамұра",-Алматы.