Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Әбдіхалық Сайлыбаев"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: Жаңақорған ауданы → Жаңақорған ауданы using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:05, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы

Әбдіхалық Сайлыбаев (1914, Қызылорда қалалық округі, Қызылжарма ауылы – 1983, сонда) – еңбек ардагері. Фин соғысына қатысқан. Ташкент су шаруашылық техникумын (1932), Мәскеу теміржол көлік инженерлері институтын (1937), Ленинград (Санкт-Петербург) жоғары әскери-теңіз инженерлері училищесін (1939) бітірген. 1939 – 40 жылдары Балтық теңізінде «Комсомол», Қара теңізіде «Красный Кавказ» әскери корабльдерінде соғысқа қатысқан. 1940 – 45 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс станциясындағы 21-мектепте мұғалім, Ащысай кенінің ФЗО мектебі директорының орынбасары, 1945 – 48 жылдары Қармақшы ауданы партия комитетінің 2-хатшысы қызметтерін атқарған. 1948 – 54 жылдары Жосалы механикалық зауытында инженер конструктор, 1954 – 61 жылдары Жаңақорған ауданы Төменарық кеңшарында партия ұйымының хатшысы болған. 1961 – 75 жылдары Сырдария ауданы «Комсомол» кеңшарында жұмысшылар комитетінің төрағасы, кадр бөлімінің бастығы қызметінде болды. Бірнеше медальмен марапатталған.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub