Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Тұрсын Мешітбаев"
ш ({{Суретсіз мақала}} үлгісін үстедім) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:59, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Тұрсын Мешітбаев (14.4. 1928, Қармақшы кенті – 27.2.2003, Алматы қаласы) – ғалым, ұстаз-педагог. Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі (1969), Халық ағарту ісінің үздігі (1966). Қызылорда педагогикалық институтын бітірген (1950). 1950 – 52 жылдары Қармақшы ауданы орта мектеп директоры, 1952 – 54 жылдары Қармақшы ауданы, Қызылорда облысы комсомол комитетінің хатшысы. 1954 – 75 жылдары Жалағаш, Қармақшы аудандарында мектеп директоры, Қармақшы ауданы халық ағарту бөлімінің меңгерушісі, аудандық парткомының бөлім меңгерушісі, Қызылорда облысы халық ағарту бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған. 1975 – 2003 жылдары ҚазКСР оқу министрлігінің аға инспекторы, Алматыдағы республикалық эксперименттік мектептің директоры, ҚазҰУ-дің, ҚазҰПУ-дың доценті. Мешітбаев 50-ге жуық ғылыми мақала жазған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен және Құрмет грамотасымен марапатталған.