Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Сұлтанғазин Әнуарбек Жәлелұлы"
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Сұлтанғазин Әнуарбек Жәлелұлы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы бақылауы және мемлекеттік сатып алу комитетінің төрағасы.
1956 ж. 20 қарашада Қорған облысы Тобыл маңы ауданы (РКФСР) туған. 1983 ж. Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ-ды бітірген, экономист. Экономика ғылымдарының докторы (2000).
1974 ж. - электрші, Кеңес Армиясының қатарында азаматтық борышын өтеген.
1978-92 жж. - Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ студенті, комсомол комитеті хатшысының орынбасары, хатшысы, стажер-зерттеушісі, оқытушысы.
1992-94 жж. - Қарағанды қалалық әкімшілігі басшысының орынбасары.
1994-97 жж. - Қарағанды облысы қаржы басқармасының бастығы.
1997 ж. - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.
1997-99 жж. - ҚР Қаржы министрлігінің қаржы жүйесі кадрларын дайындау мен қайта дайындау және қызметкерлермен жұмыс жасау департаментінің директоры.
1999-2000 жж. - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің кадрлармен жұмыс жасау департаментінің директоры.
2000-01 жж. - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары.
2001 ж. - ҚазМБА филиалының (Астана) доценті міндетін атқарушы.
2001-06 жж. - Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің мүшесі.
2006 жылдан - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы бақылауы және мемлекеттік сатып алу комитетінің төрағасы. «Аймақтық әлеуметтік саясаттың қаржы негіздері» (1999), «Өтпелі тұрпаттағы мемлекеттің әлеуметтік саясатының жүзеге асуының экономикалық аспектілері» (1999) кітаптарының авторы.<ref>Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X</ref>
Дереккөздер
<References/>