Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (1996- )

ҚР Президентінің 1996 ж. 19 сәуірдегі қаулысымен<ref>' "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы Ережені бекіту туралы" ҚР Президентінің 1996 ж. 19 сәуірдегі № 2956 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 1996, № 17, 137-бап).</ref> қүрылды. ҚР Президентінің 2002 ж. 5 тамыздағы қаулысымен<ref>2 "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы Ережені бекіту туралы" ҚР Президентінің 2002 ж. 5 тамыздагы № 917 Жарлыгына (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 26, 273-бап). 1996-2000 жж. кезеңдегі мемлекеттік органдар туралы мәліметтер: қараңыз-Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (1991 ж. 16 желтоқсан - 2001 ж. 1 қаңтар). Анықтамалық. ҚР ПМ. - Алматы: БҮ "Эдельвейс", 2004. 418-419 б. (Құрастырушылардың ескертпелері).</ref> Есеп комитеті туралы ереже бекітілді. Ережеге сәйкес Есеп комитеті республикалық бюджеттің атқа- рылуына сыртқы бақылауды жүзеге асырған және ҚР Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін мемлекеттік орган болып та- былды. Есеп комитетінің құрылымын төраға, мүшелері және Есеп комитетінің аппараты құрады.

Есеп комитетінің негізгі міндеттері мыналар болды:

  • республикалық бюджеттің атқарылу мәселелерін реттейтін бюджеттік заңнама мен өзге де нормативтік қүқықтық актілер талаптарының сақталуын бақылау;
  • ҚР Президентінің республикалық бюджеттің атқарылуына байланысты мәселелер жөніндегі тапсырмаларын орындау;
  • бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес Үкіметтің мемлекеттік және салалық бағдарламаларын және басқа да шығыстарын орындауға арналған *республикалық бюджеттің, кредиттердің, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздардың мақсатты және тиімді пайдаланылуын бақылау; *республикалық бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын бақылау.

ҚР Президентінің 2005 ж. 4 мамырдағы Жарлығымен<ref>3 "ҚР Президентінің 2002 ж. 5 тамыздағы № 917 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" ҚР Президентінің 2005 ж. 4 мамырдағы № 1570 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2005, № 20, 236-бап).</ref> Есеп комитеті туралы жаңа редакцияда ереже бекітілді.

Есеп комитеті республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылауды жүзеге асырған және ҚР Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін мемлекеттік қаржы бақылауының жоғары органы болып табылады. Есеп комитетінің қүрылымын Есеп комитетінің төрағасы, мүшелері және аппараты қүрады.

Есеп комитетінің негізгі міндеттері:

  • республикалық бюджеттің атқарылу мәселелерін реттейтін бюджеттік заңнама мен өзге де нормативтік қүқықтық актілер талаптарының сақталуын бақылау;
  • ҚР Президентінің республикалық бюджеттің атқарылуына байланысты мәселелер жөніндегі тапсырмаларын орындау;
  • республикалық бюджетке түсетін түсімдердің ТОЛЫҚТЫҒЫ мен уақтылылығынбақылау, сондай-ақ республикалық бюджеттен түсетін түсімдер *сомаларынввд қайтарылуын бақылау;
  • республикалық бюджет қаражатвюың, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген займдардың, мемлекет міндеттемелерін өтеуге республикалық бюджеттен берілген қаражаттың, байланысқан гранттардың, мемлекет активтерінің нысаналы әрі тиімді пайдаланылуын бақылау.

<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}