Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Леонтьев Алексей Леонтьевич"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: Петербург → Санкт-Петербург (2) using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

ЛЕОНТЬЕВ Алексей Леонтьевич (1716, Мәскеу — 12.5.1786, Санкт-Петербург) — орыстың шығыстанушы ғалымы. Мәскеудегі Славян-грек-латын академиясында оқыған. 1742 — 52 ж. Пекинде қытай және маньчжур тілдерін үйренді. Санкт-Петербургке оралған соң Ресей Сыртқы істер коллегиясында аудармашылық қызмет атқарды. Леонтьев 1767 ж. Пекинге екінші рет барды. Қытайдан келген соң өмірінің ақырына дейін Сыртқы істер коллегиясы іс-басқармасында кеңесші қызметін атқарды. Леонтьев Еуропада болып қытайдың классикалық шығармасы “Төрт кітапты” (Сы Шу Гей, 1780 ж.), “Қытай үкіметінің барлық заңдары мен нұсқаулары” еңбегін тәржімалады (3 томдық, 1781 — 83). 1779 ж. “Қытай әліппесін” жариялады.

Дереккөздер

Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы <references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub