Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Махмұт Өтегенұлы Телеғұсов"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: Қазақ Энциклопедиясы, 8-том → «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «[[Қазақ эн using [[Project:AWB|AWB]])
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Махмұт Өтегенұлы Телеғұсов (16.2.1955 жылы туған, Ресей, Орынбор облысы Дмитриев селосы) – әскери қайраткер, генерал-майор (2000). Ташкент жоғары жалпы әскери командалық училещесін (1977), “Выстрел” жоғары офицерлер курсын (1987), Мәскеудегі әскери академияны (1994) бітірген. 1977 – 1992 жылы Қиыр Шығыс, Солтүстік Кавказ және Орта Азия әскери округтерінде взвод, рота командирі, штаб бастығы, батальон командирі болды. 1992 жылдан Қазақстан Қарылы Күштерінде штаб бастығы, полк командирі (1992 – 1996), дивизия штабы бастығы, дивизия командирі (1996 – 2001), Шығыс әскери округі әскерлері қолбасшысының қарулану ісі жөніндегі орынбасары (2001 – 02), ықшам күштер қолбасшысының қарулану ісі жөніндегі орынбасары (2002 – 2004), аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының қарулану ісі жөніндегі орынбасары – қару-жарақ басқармасының бастығы (2004 – 2006) қызметтерін атқарды. Телеғұсов бірнеше медальдармен марапатталған. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>

Сілтемелер

<references />

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub