Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Нәдия Ермұқанқызы Бекмаханова"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(Cat-a-lot: Қосылуда... Санат:1947 жылы туғандар) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Нәдия Ермұқанқызы Бекмаханова (6.9.1947 жылы туған, Алматы қаласы) – биология ғылым докторы (1997). ҚазМУ-ды (1970, қазіргі ҚазҰУ) және Мәскеу облысы Пущино қаласындағы КСРО ғылым академиясының Микроорганизмдер биохимиясы және физиологиясы ғыл.-зерт. ин-тының аспирантурасын (1973) бітірген. Қазақстан ғылым академиясының Микробиология және вирусология ғылыми-зертханалық институтында ғыл. қызметкер (1973–1995), 1996 жылдан лаборатория меңгерушісі қызметтерін атқарады. Оның ғыл.-зерт. еңбектері өсімдіктердің аурулары және зиянкестеріне қарсы қолданылатын қосылыстарды бөліп алу және анықтауға арналды.
<ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер</span>
<references/>