Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Морфологиялық жылысу"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер, 1998 ж., → 1998 жыл, using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:56, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Морфологиялық жылысу — тілдің даму барысында кейбір сөздердің құрамындағы морфемалардың алғашқы жігі өзгеріп, бірінің ды- быстық элементтерінің екіншісіне ығысуы. Морфологиялық жылысу — сөздердің түбір тұлғасы мен қосымшаларының арасында болатын құбылыс.

Морфологиялық жылысу екі түрде кездеседі.

  • Біріншісі — түбір морфемадағы белгілі бір элементтің қосымша морфема құрамына ауысуы. Бұған сарғай сөзінің о бастағы морфемасын сақтап сарығай болып бөлшектенбей, қазіргі айтылуы бойынша сарғай түрінде талдануы мысал болады.
  • Екіншісі — морфемалардың түбір тұлғаға ауысуы. Бұған жіктеу және сілтеу есімдерінің (мен-ің, сен-ің, он-ың, сон-ың) және ілік септік жалғауының (- ын, -ін) қазіргі тілімізде -ның, -нің, (о-ның, мен- ің, сен-ің) болып айтылуы т. б. жатады.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Wikify