Жіктеу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жіктеу (Классификация; classification) — объектілерді (заттарды, құбылыстарды, процестерді, мәліметтерді) нақты бір белгілеріне сәйкес, топтама бойынша үлестіру жүйесі.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

  • Жіктеу формуласы - аналитикалық синтездік жіктеудің синтездеу кезіндегі толық нұсқа таңба элементтер орналасуының бірізділігін білдіретін формула.
  • Жіктеуді бөлу - жіктеу нұсқа таңбасынан, сөздік тұжырымынан, меңзеу-анықтама аппаратынан және әдістемелік көрсеткіштерден тұратын жіктеу кестелерінің элементі. Негізгі кестелерде бөліктеу деңгейіне қарай тиісті атаулар (топ, топша, тармақ-тармақша т.б.) алады.
  • Жіктеу шешімі - құжаттарды жүйелік жайғастыру кезіндегі кітапхана қорында жүйелік каталог көрсеткіші бөліміне және орналастыру көрсеткішіне сәйкес көрсету туралы шешім.
  • Жіктеу нұсқа таңбасы - кітапханалық-библиографиялық жіктеудегі әрбір айдарға берілген шартты белгі. Нұсқа таңбаның қосақталған резерві, альтернативті түрлері берілуі мүмкін.
  • «АҚШ Конгресі кітапханасындағы жіктеу» - 1901-1941 жылдары жасалынған кітапхана-библиографиялық жіктеудің жүйесі. Бұл жүйе АҚШ үшін ұлттық жүйе болып саналады, сондай-ақ Конгресс кітапханасы каталогын ұйымдастыру және орталықтанған жүйелендіру үшін пайдаланылады.
  • «Қос нүктелі жіктеу» - 20 жылдардың аяқ шені мен 30-жылдардың бас кезінде көрнекті үнді кітап танушысы 111.Р. Ранганатан (1892-1972) кітапханалық-библиографиялық жіктеудің аналитикалық синтез жүйесін жасап шығарған.

<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Информатика және компьютерлік техника/ Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов.

– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref><ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006 жыл. ISBN 9965-808-78-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жіктеу|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}