Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ультракүлгін апаты"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
|
23:26, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Ультракүлгін апат — кез келген қыздырылған дененің жылулық сәулеленуінің толық қуаты шексіздікке тең болуы керек деген классикалық физиканың парадоксын сипаттайтын физикалық термин. Парадокс болуының себебі, толқын ұзындығы азая бергенде сәулелену энергиясының спектральді тығыздығы шексіз өсу керек болатын.
Бірақ бұл XIX ғасыр аяғында жүргізілген тәжірибелер нәтижелерімен келіспейтіндігінен денелердің фотометриялық қасиеттерін сипаттау қиындықтарын тудырды.
Бұл проблема 1900 жылы Макс Планктың сәулеленудің кванттық теориясымен шешілді.