Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Иіржар (құм)"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (Kasymov Иіржар бетін Иіржар (құм) бетіне жылжытты (айдатқыш қалдырмады)) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:08, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Иіржар, Iріжар – Балқаш көлінің оңтүстігінде, Іле мен Қаратал өзендерінің аралығындағы құмды алқап. Алматы облысы Балқаш және Қаратал аудандарының жерінде орналасқан. Теңіз деңгейінен 386 м биіктікте. Қырқааралық ойпаңдарында сор және тақыр жерлер кездеседі. Жер асты суы 2 – 80 м аралығындағы тереңдіктен шығады. Солтүстігінде Бестас, шығысында Жаманқұм құмдары мен батысында Қарабасты қонысы жатыр. Құм жалдардың етегінде қара сексеуіл, жүзгін, жусан, еркек шөп, күйреуік өседі. Негізінен мал жайылымы ретінде пайдаланылады.
<ref name="test">Қазақстан Энциклопедиясы</ref>
Сілтемелер
<references />