Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жүнжеміс"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
|
23:08, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Жүнжеміс(Lachnoloma) – орамжапырақтар тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда шөлді, таулы аймақтардың батпақты көлдерінде, сортаңды ойпаңдарда, құмды жерлерде өсетін 1 түрі – Леман Жүнжемісі (L. lehmannіі) бар. Биіктігі 10 – 20 (30) см, сабағы қарапайым немесе бұтақты, сыртын қалың, ұзын, жұмсақ түктер жапқан. Жапырақтары қандауыр тәрізді немесе ұзынша келген. Тостағанша жапырақшалары ұзынша жұмыртқа тәрізді, күлтесінің ұзындығы 9 – 10 мм. Гүлдері ақшыл қызғылт түсті, аз гүлді шашақ гүлшоғырына топталған. Сәуір – маусым айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – төрт қырлы бұршаққынша, сыртын қалың түк жапқан. Тұқымы эллипс тәрізді, ұзындығы 3 мм-дей.