Жүнжеміс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жүнжеміс(Lachnoloma) – орамжапырақтар тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда шөлді, таулы аймақтардың батпақты көлдерінде, сортаңды ойпаңдарда, құмды жерлерде өсетін 1 түрі – Леман Жүнжемісі (L. lehmannіі) бар. Биіктігі 10 – 20 (30) см, сабағы қарапайым немесе бұтақты, сыртын қалың, ұзын, жұмсақ түктер жапқан. Жапырақтары қандауыр тәрізді немесе ұзынша келген. Тостағанша жапырақшалары ұзынша жұмыртқа тәрізді, күлтесінің ұзындығы 9 – 10 мм. Гүлдері ақшыл қызғылт түсті, аз гүлді шашақ гүлшоғырына топталған. Сәуірмаусым айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – төрт қырлы бұршаққынша, сыртын қалың түк жапқан. Тұқымы эллипс тәрізді, ұзындығы 3 мм-дей.

Дереккөздер

"Қазақ Энциклопедиясы"

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жүнжеміс|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}