Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Дүре жайылмасы"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
|
23:08, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Дүре жайылмасы – Каспий ойпатының солт-нде, Жайықтың оң саласы – Көшім өз. жағалауында, Шежін (Шыжың) жайылмасының шығысында орналасқан шалғынды жазық. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауд. жерінде. Жайылманың орта бөлігінің абсолютiк биіктігі 14 м. Ұзындығы 60 км, ені 25 км. Д. ж-ның пішіні өте тегіс, жазық келген. Жер бедерінің ойысты жерлерінде көлтабандар, көлшіктер мен бидайықтар кездеседі. Топырағы қызғылт қоңыр және сортаң келген. Шалғынды-далалық және астық тұқымдас жусан аралас әр түрлі шөптесін өсімдіктер өседі. <ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8</ref>
Дереккөздер
<references/>