Жайылма

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мағына

Жайылма (Пойма) - шабындықты терраса, өзен аңғарының едәуір тегіс келген, қазіргі заман шөгінділері жапқан, тасқын немесе су тасу кезінде оқтын-оқтын су басатын бөлігі.<ref>Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.</ref>

Жалпы мәліметтер

Өзен арнасының пландағы өзгерістері барысында су ағыны тасымалдайтын тасындылардың шөгуі нәтижесінде қалыптасады. Жайылмалар — екі жақты (өзен арнасының екі жағасында орналасқан), бір жақты (ағын арнасы аңғардың бір беткейіне жабыса орналасқан) және ағынның бірде оң, бірде сол жағына ауысып отыратын жайылма болып сараланады.

Жайылма арналық, орталық және қабақтық болып үшке бөлінеді:

  • Арналық жайылма — ең биік және бөлшектенген бөлік, ол өзен суы деңгейінен бірнеше метр биік және арнаға жақын орналасады;
  • Орталық жайылма — арналықтан едәуір төмен орналасады да, ортасы жазық болып келеді;
  • Қабақтың жайылмасы ең аласа бөлік, ол аңғар беткейінің етегінде немесе көп жағдайларда екінші қабақтың бұлтығының етегінде батпақты сай тәріздес болып орналасады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.</ref>

Топырағы

Жайылма топырағы (Пойменные почвы) — аллювиальды топырақ, өзен суының жиі тасуы кезіндегі өзен аңғарындағы тұнба қалдықтар. Жер асты суының жақын орналасуына байланысты өзен аңғары топырағының саз балшыққа айналатын табиғи кұбылысы.

Жайылмалы экожүйелер

Жайылмалы экожүйелер (Пойменные экосистемы) — өзен бойындағы экожүйелер.

Ерекшеліктері

Өзен бойында орналасқандықтан, сол өзендердің жылдық режімдеріне тікелей байланысты. Әдетте, көпшілік өзен бойындағы экожүйелер көктем, кейбір жылдары жаз айларында су тасыған кездерде су астында қалып, олардың бетіне сумен келген шөгінді жыныстар жиналады. Топырақтары әр түрлі қабатты, аллювийлі шымды-шалғынды. Ылғалмен жақсы қамтамасыз етілгендіктен, бұл экожүйелер жақсы өнім береді. Көбінде шабындық, ретінде, ал кейбір жағдайларда бақша егістері үшін пайдаланылады.

Жайылмалық аңғар

Жайылмалық аңғар (Пойменная долина) — жайылмасы жақсы дамыған аңғар. Аңғардың морфологиялық дамуының соңғы сатысына жатады.

Жайылмалық батпақ

Жайылмалық батпақ (Пойменное болото) — негізінен қамыс пен қоға басқан, жақсы дамыған жайылмаларда болатын евтрофтық (ойпақдық) батпақ түрі.

Жайылмалық көл

Жайылмалық көл (Пойменное озеро) — негізгі арнадан бөлініп қалған өзен тармағы немесе саласы; бұрынғы өзен иінінің қалдығы, өзен жайылмасындағы көл. Пландағы көрінісі ұзынша келген ирек немесе тағаға ұқсас болып келеді.

Жайылмалық көлтабан

Жайылмалық көлтабан (Пойменный лиман) — өзеннің ескі арна жағалауына орналасқан көлтабан. Мұндай көлтабан өзеннің кейде бір жағында, кейде екі жағында да болады, ол өзеннің тасқын суымен толып ағу кезінде, топырақтың терең қабатында ылғал жинайды.

Жайылмалық көптармақтық

Жайылмалық көптармақтық (Пойменная многорукавность) — жаңа пайда болған арна ескі негізгі арна жойылмай тұрып-ақ дамып үлгерсе және бағытталған арнаны қалыптастырып үлгерсе, онда бітпеген өзен ирелеңі жоғарыда көрсетілген сипатынан күрделірек пішінге өтеді. Бұл жағдайда кең әрі көптармақты көптеген салалармен шиырланған жайылма пайда болады. Көптармақтар ішінен негізгі арнаны табу өте қиын. Көптармақты жайылмалар ірі өзендердің төменгі ағыстарында, атырауларда кездеседі.

Жайылмалық шөгінділер

Жайылмалық шөгінділер (Пойменные отложения) — жайылмадағы аллювийлік шөгінділер. Құмдақ алевритті, алевритті-пелитті болып келеді. Тасқын немесе су тасуы кезінде жайылмаға шыққан өзен ағысының қалдығы.

Жайылманың шым топырағы

Жайылманың шым топырағы (Пойменные дерновые почвы) — өзен аңғарының топырағы, жыл сайын су тасыған кезде тұнба қалдықтарынан құралатын топырақ.

Жайылманың шым-батпақты топырағы

Жайылманың шым-батпақты топырағы (Пойменные дерновые заболоченные почвы) — өзен аңғары топырағының жыл сайын су тасыған кезде қалатын тұнбасы. Әдетте, мұндай тұнбалар жер асты суларына өте жақын болады.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жайылма|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}