Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Сенегал өзені"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (Bot: Migrating 47 interwiki links, now provided by Wikidata on d:q3569 (translate me))
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:00, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Geobox Сенегал өзені(Senegal) — Батыс Африкадағы Гвинея, Мали, Сенегал, Мавритания жерімен ағып өтетін өзен. Фута-Джаллон тау массивінен Бафинг өзені болып басталып, Бакой саласы қосылған жерден Сенегал өзені деп аталады. Ұзындығы 1430 километр (Бафингті қосқанда), су жиналатын алабының аумағы 441 км². Жоғары ағысы су құламаларын жасай шоңғалды аймақпен, төменгі ағысы жазықпен ағып өтеді. Атлант мұхитына атырау жасап құяды; сағасы — жағалық құмбел. Орташа су ағымы 1500 м3/с. Су тасу маусымында (маусым — қазан) Каес қаласына дейін (888 км), деңгейі төмен кезінде Подор қаласына дейін (283 километр) кеме жүзеді. Суын ауыл шаруашылығында кеңінен пайдаланады. Өзен бойында СЭС-тер салынған. Балық ауланады. Жағалауындағы ірі қалалар: Каес (Мали), Подор, Матам, Бакель (Сенегал); сағасында Сен-Луи (Сенегал) теңіз порты бар.

Сурет:Senegal River SPOT 1132.jpg
Жер серігінен көрініс

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub