Сенегал өзені

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Geobox Сенегал өзені(Senegal) — Батыс Африкадағы Гвинея, Мали, Сенегал, Мавритания жерімен ағып өтетін өзен. Фута-Джаллон тау массивінен Бафинг өзені болып басталып, Бакой саласы қосылған жерден Сенегал өзені деп аталады. Ұзындығы 1430 километр (Бафингті қосқанда), су жиналатын алабының аумағы 441 км². Жоғары ағысы су құламаларын жасай шоңғалды аймақпен, төменгі ағысы жазықпен ағып өтеді. Атлант мұхитына атырау жасап құяды; сағасы — жағалық құмбел. Орташа су ағымы 1500 м3/с. Су тасу маусымында (маусым — қазан) Каес қаласына дейін (888 км), деңгейі төмен кезінде Подор қаласына дейін (283 километр) кеме жүзеді. Суын ауыл шаруашылығында кеңінен пайдаланады. Өзен бойында СЭС-тер салынған. Балық ауланады. Жағалауындағы ірі қалалар: Каес (Мали), Подор, Матам, Бакель (Сенегал); сағасында Сен-Луи (Сенегал) теңіз порты бар.

Сурет:Senegal River SPOT 1132.jpg
Жер серігінен көрініс

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сенегал өзені|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}