Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Торос"
ш (→Сілтемелер: clean up, replaced: Қазақ энциклопедиясы, 8 том → «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алм using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
22:56, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Торос, мұз сеңдер – теңіз, өзен, көл мұз жамылғыларындағы әр түрлі пішінді мұз сынақтарының ретсіз шоғыры. Мұз алаңдарының бүйірлік сығылысуынан және олардың жағалау мен судың таяз бөліктеріне түсірген қы-сымы салдарынан қалыптасады. Торос көбіне Солтүстік Мұзды мұхиттың ашық бөлігінде, Шығыс Сібір және Чукча теңіздерінде байқалады. Биіктігі кейде 10 м-ге (жағалық бөліктерінде 15 – 20 м) жетеді. Шоғырлану жағдайына қарай жалды Торос, тосқауыл Торос және қайраңдық Торос болып бөлінеді. Мұз жамылғысының беті бес балдық шкала бойынша (0 балл – мұз беті тегіс, 5 балл – мұз бетін жаппай Торос жапқан) бағаланады. Торос кеме қатынасына кедергі келтіреді.
Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том. Үлгі:Wikify