Торос

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Торос, мұз сеңдер – теңіз, өзен, көл мұз жамылғыларындағы әр түрлі пішінді мұз сынақтарының ретсіз шоғыры. Мұз алаңдарының бүйірлік сығылысуынан және олардың жағалау мен судың таяз бөліктеріне түсірген қы-сымы салдарынан қалыптасады. Торос көбіне Солтүстік Мұзды мұхиттың ашық бөлігінде, Шығыс Сібір және Чукча теңіздерінде байқалады. Биіктігі кейде 10 м-ге (жағалық бөліктерінде 15 – 20 м) жетеді. Шоғырлану жағдайына қарай жалды Торос, тосқауыл Торос және қайраңдық Торос болып бөлінеді. Мұз жамылғысының беті бес балдық шкала бойынша (0 балл – мұз беті тегіс, 5 балл – мұз бетін жаппай Торос жапқан) бағаланады. Торос кеме қатынасына кедергі келтіреді.

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том. {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}