Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Арман Айдосұлы Тосқанбаев"
(Rescuing 1 sources and tagging 0 as dead.) #IABot (v2.0.9.5) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:16, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Кәсіпкер Арман Айдосұлы Тосқанбаев (1991 жылдың 23 қазанында Қарағандыда туған) — қазақстандық кәсіпкер, миллионер, меценат, “Arman Capital” компаниясының негізін салушы, “OTAN” және “Amir Watches” брендтік сағаттарының иесі, “Marine Health Group” компаниясының президенті, “Жаңа жасыл технологиялар” және “Madcompany” компанияларының тең құрылтайшысы.
Мазмұны
Отбасы
- Әкесі Тосқанбаев Айдос Қабдрайнұлы – кәсіпкер.
- Анасы Тұмабаева Алмагүл Айтбайқызы – кәсіпкер.
- Інісі – Тосқанбаев Айал Айдосұлы – кәсіпкер.
Өмірбаяны
1991 жылы 23 қазанда Қарағанды қаласында туған. 2010 жылы орта мектеп бітіріп, Ресейдегі Томск мемлекеттік университетінің физико-техникалық факультетіне оқуға түседі. Алайда оны екінші курста оқып жүрген кезінде тастап кетеді<ref name="forbes"/>.
Арман бизнеспен 15 жасынан бастап айналыса бастаған. Ол мектепте оқушы кезінен компьютерлік техниканы жөндеп ақша тапқан. 2008 жылы банкрот болып жарияланған «Валют Транзит Банкінен» «пайдаланылған» техниканы сатып алып, оны қайта сатады<ref name="abctv">Дипломсыз миллионер сәтті «Отан» брендісінің негізін қалады</ref>. Ал Томск қаласында ЖОО-нда оқып жүргенде, кесілген материалдарды сатумен айналысады. Сонымен бірге «Комбинат связи» ЖШС телекоммуникациялық компаниясында жүйелік админ, ал кейіннен техникалық директор лауазымында жұмыс істейді<ref name="zakon.kz">«Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасына кандидат А. Тосқанбаев: Өз таланттарыңызды дамытыңыз! Үлгі:Webarchive</ref>.
2013 жылы «Шон-Би» телекоммуницациялық компаниясында директордың міндеттерін атқарушы лауазымында жұмыс істейді. Ал 2014 жылы жас кәсіпкерлердің қазақстандық қауымдастығын құрады<ref name="365info">Тәуелсіздік тұлғасы: Арман Тосқанбаев</ref>.
2014 жылы «БЖК 2020» бағдарламасы бойынша «Гидропонды қондырғылардың өндірісі» жобасына 3 млн. теңгелік грантты жеңіп алады да, «Жаңа жасыл технологиялар» компаниясының негізін салады<ref>Сериялы кәсіпкер бизнеске арналған жаңа технологияларды ұсынады</ref>. Компанияның басты бағыты жануарлар үшін жасыл азықтарды «Vertical farming» көпқабаттық қондырғыларында өсіруге арналған жабдықты жасау болды<ref name="zakon.kz"/>. Процестің технологиясы — алдын-ала дезинфекциялаудан өткен дәндердің науаларға орналастырып, содан кейін автоматтандырылған жарықтандыру мен суару процесі толықтай іске қосылады. Осылайша, бір тәуліктің ішінде бір қондырғыдағы дәндерден 20 килограмға азықтарға дейін өседі (есептеу бойынша, 1 кг дәннен 6-7 кг тірі азық алынады). Сондай-ақ Арман әкесімен бірге Қарағанды аграрлық колледжімен әріптестікте меншікті агробизнес-инкубаторды құрмақ. «Агрополис-Нұршуақ» бірлескен жобасына кәсіпкер ақшамен кіреді, ал оқу орны барлық инфрақұрылымын ұсынады<ref name="Информ">«Тәуелсіздіктің құрдастары»: Жастарға аздаған романтика мен авантюризм керек — Арман ТосқанбаевҮлгі:Deadlink</ref><ref>Сериялы кәсіпкерден «жасыл технологиялар» Үлгі:Webarchive</ref>.
2015 жылы серіктесі Айбек Есеновпен бірлесіп, «OTAN» бірінші қазақстандық сағаттардың сауда маркасымен United Business Group ЖШС компаниясының негізін салды. Сағаттардың бірінші топталымы 500 данада шығарылды. Бірақ республикада бұйымды толық межелі тестілеу мен тексерудің жоқтығынан, сағаттарды Еуропа мен АҚШ-тың зауыттарында жинау шешімі қабылданды. Кәсіпкердің сөзі бойынша, бұйымның бірегейлігі — онда бейнеленген Қазақстан Республикасының елтаңбасында ғана емес, сонымен бірге олардың екі деңгейлі циферблаттың техникасы бойынша жасалуында жатыр. Бірінші – көгілдір фон, ал екіншісі – елтаңбаның орналасуы. 2016 жылдың желтоқсан айында «Президент» үлгісіндегі сағат Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай сыйлыққа тартылды. 2017 жылдың желтоқсан айында Пекиндегі қазақстандық тауарлардың жәрмеңкесінде United Business Group арқылы шығарылған «Баһадүр» сағаты 1 млн. теңгеге сатылды. 2017 жылдың шілде айындағы деректер бойынша, компания 1200 дана сағат шығарған. Алдағы уақытта Ресей мен Қытайдың нарықтарына шығуды жоспарлауда. 2017 жылдың желтоқсан айында Мәскеу нарығына ресейлік елтаңба бейнеленетін сағаттарды шығармақ<ref name="forbes">25 жылда президенттерге сыйға тартылатын сағаттарды қалай жасау керек Үлгі:Webarchive</ref><ref name="abctv"/><ref name="Информ"/>.
Арман Тосқанбаев сонымен қатар бизнесін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге арналған «Идеядан бизнеске» оқыту бағдарламасын әзірледі. Ол бағдарлама бойынша бір жылдың ішінде 600-ден астам жастар оқытудан өтті. Олардың 150-і өздерінің жеке бизнестерін құрды<ref name="kurchatov">Қазақстанның жаңа 100 тұлғасы Үлгі:Webarchive</ref>. 2017 жылдың жазында Тосқанбаев Туринде (Италия) Еуропалық одақтың білім беру Қоры арқылы ұйымдастырылған «Өзгеріп жатқан әлемдегі жаңа мамандықтарды құру» атты конференцияда кітаптың тұсаукесерін өткізді. Автордың айтуынша, кітапта қазақстандық кәсіпкерліктің үлкен инвестицияларсыз даму жолдары аталып көрсетілген<ref name="zakon.kz"/><ref name="baribar">Арман Тосқанбаевтың бизнес жайлы кітабы Европада таныстырылды</ref>.
«История успеха» жобасы арқылы кәсіпкерлер арасында тәжірибелер алмасу алаңы әзірленді<ref name="kurchatov"/>. Қазақстандық жас кәсіпкерлер қауымдастығының аясында кәсіпкерлерге дәлме-дәл көмек көрсетуге арналып құрылған «Деловой клуб» жобасы іске қосылды. Сонымен бірге «Күз, Қыс, Көктем, Жаз» маусым сайынғы StartUP сайыстарын және қаланың қырықтан астам колледждері мен ЖОО-нда жастарды кәсіпкерлікке тарту мақсатында бизнес-тренингтерді ұйымдастырып келеді<ref name="zakon.kz"/>.
Zakon.kz сайтына берген сұхбатында, ол Қазақстанда криптовалютаны өндірумен айналысатын, жаңа «Union of Miners» фирмасы ашылғанын хабарлады<ref name="zakon.kz"/>.
Кәсіпкерлік қызметі
Қазіргі таңда Арман Тосқанбаев 11 мемлекетте жұмыс істейтін 7 компанияға басшылық етеді, ал “Arman Capital” компаниясының капитал қоры 10 миллион доллардан асады.
- “Marine Health Group” компаниясы жапондық құрамбөліктер негізінде биологиялық белсенді қоспалар өндірумен айналысады.
- “OTAN” және “Amir Watches” брендтері – қазақстандық дизайн мен әлемдік сағат өндірісінің үздік технологиялары астасқан бірегей туынды.
- “Madcompany” компаниясы кез келген күрделі архитектуралық жобалар өндіруде Қазақстан бойынша көш бастап тұр.
- «ME POST» компаниясы – курьерлік қызметтерді біріктіретін Өзбекстандағы алғашқы және жалғыз жеткізу агрегаторы болып табылады.
- “Жаңа жасыл технологиялар” және “Zertis” компаниялары инженерия саласына, гидропоникалық жемшөп өсіру жүйесінің маркетингі мен өндірісіне негізделген.
Меценаттығы
Арман Тосқанбаевтың меценаттық қызметі, негізінен, Қазақстандағы жас буынның, әсіресе жас кәсіпкерлердің білімін арттыруға бағытталған. Атап айтқанда, кәсіпкер Майкл Портердің «Озық ойлар», Бодо Шефердің «Менің қолымнан келеді», Герман Грефтің «Би алаңындағы піл» сынды әлемдік бестселлерін қазақ тіліне аударуға қаржылай көмектесті.
Отбасы жағдайы
Үйленген, бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр.