Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ермек Боранбайұлы Маржықпаев"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:13, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Ермек Боранбайұлы Маржықпаев (29 тамыз 1969 жыл, Целиноград) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, бокстан спорт шебері және 2024 жылғы қыркүйектен бастап Премьер-Министрдің кеңесшісі.<ref name="премьер">Үлгі:Cite web</ref>
Маржықпаев Көкшетаудың (2015–2019), Ақмола облысының (2019–2023) бұрынғы әкімі және Қазақстанның Туризм және спорт министрі (2023-2024) болғаны үшін белгілі.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Мазмұны
Өмірбаяны
Білімі және әскери қызметі
1988–1989 жылдары аралығында Маржықпаев Кеңестік армия құрамында болған. Маржықпаев үш түрлі мамандық бойынша оқыған:<ref name="zakonkz" />
- Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтын (1994) тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
- Тұран университетін (2001) заңгер мамандығы бойынша бітірген.
- Көкшетау мемлекеттік университетін (2009) қаржыгер бакалавры мамандығы бойынша бітірген.
Спорттағы мансабы
Белгісіз жылдары Маржықпаев Ақмола бокс федерациясының вице-президенті болған.<ref name="zakonkz" /> Ермек Маржықпаевтың бокстан спорт шебері атағы бар.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Мансабы
Ермек Маржықпаев өз мансабын 1991–1993 жылдары Целиноград қаласындағы мектептерде бокстан жаттықтырушы болып бастаған.<ref name="zakonkz" /> Өзге дереккөздерде оның Ақмола облысындағы Бурабай кентінің орта мектебінде оқытқаны айтылған.<ref name="premyer" /> 1992–1995 жылдары ол оған қоса «Шонай» шағын кәсіпкерорнының директоры болған. 1995 жылдан 2008 жылға дейін Маржықпаев «Береке-Бурабай» ЖШС-нің бас директоры болды.
Саяси мансабын Маржықпаев 2007–2009 жылдары аралығында Ақмола облыстық мәслихаты 4-шақырылымының депутаты ретінде бастады. 2008 жылы ол Аршалы ауданының әкімі болып тағайындалды, бұл қызметін ол 2012 жылға дейін жалғастырды. Бұдан кейін, 2013 жылға дейін ол Зеренді ауданының әкімі болды.<ref name="zakonkz" />
2013–2014 жылдары Маржықпаев Ақмола облысының әкімі Қосман Айтмұхаметовтың құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары мәселелері бойынша<ref name="zakonkz" /> орынбасары болып жұмыс істеген. 2015 жылы ол Көкшетау қаласының 14-әкімі болып тағайындалды, бұл қызметін ол 2019 жылы аяқтады.
Ақмола облысының әкімі
2019 жылғы 19 наурызда Маржықпаев Ақмола облысының әкімі болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
2022 жылғы сәуірде орын алған және Маржықпаев қатысқан Аманат партиясы Ақмола облыстық филиалының отырысында партияның сайлауалды бағдарламасында айтылған уәделердің 96% орындалғаны белгілі болды. Маржықпаев бұл нәтиженің тағы өсуін қолдады.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Туризм және спорт министрі
2023 жылғы 2 қыркүйекте, Мәжілістің келісімімен<ref>Үлгі:Cite web</ref> және президент Тоқаевтың жарлығымен Ермек Маржықпаев Туризм және спорт министрі лауазымына тағайындалды.<ref name="premyer">Үлгі:Cite web</ref> Тоқаевтың бұл жарлығымен ол бұрын атқарған лауазымдарынан босатылды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
2024 жылғы сәуірде Маржықпаев 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарындағы Қазақстан құрамасының нашар жағдайда болғанын мойындады.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
2024 жылғы 31 тамызда Тоқаев жарлығы бойынша Маржықпаев Туризм және спорт министрі лауазымынан айырылды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Премьер-Министр кеңесшісі
2024 жылы 23 қыркүйекте Премьер-Министрдің өкімімен Ермек Маржықпаев Премьер-Министр кеңесшісі болып тағайындалды.<ref name="премьер" />
Сын
«Тролльдермен» күресі
Ақмола облысының әкімі болған Маржықпаевтың «тролльдермен күрес» үшін 10 миллион теңге бөлгені белгілі. Бұл жайлы баяндаған ProTenge баспасының оқырмандары оны осы ұсынысы үшін «салық төлеушілерінің ақшасын ең мәнсіз жұмасаған» шенеунік деп те атады. Тролльдер қатарына бұрынғы әкім өзі жайлы жағымсыз сөз жазған азаматтарды да қосып алғандай көрінді.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Өз өмірі
2023 жылғы ақпанда әуесқой журналист Асхат Ниязовқа берген сұхбатында Маржықпаев өзінің отбасында 5 аға-іні және 3 әпке-қарындасының бар екенін айтып кеткен. Сол сұхбатта Маржықпаевтың Құрманова тегі бар әйелінің агро-бизнесі бар екені белгілі болды.<ref>Үлгі:YouTube</ref> Ермек Маржықпаев пен әйелі Құрманованың екі қызы бар.<ref name="zakonkz" />
Марапаттары
- «Ақмола облысының ең үздік кәсіпкері» (2001, 2004);<ref name="aqmola">«Ақмола облысы» энциклопедиясы</ref>
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалі (2001);
- «Қазақстан Республикасының ең үздік жыл кәсіпкері» (2002);<ref name="aqmola" />
- Ерен еңбегі үшін медалі (2004);
- Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалі (2005);
- Астанаға 10 жыл медалі (2008);
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі (2011);
- Құрмет ордені (2011);