Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Үшінші Бозащы болысы"
ш («Қазақстанның болыстары» деген санатты аластады; «Адай уезі болыстары» деген ) |
ш (1 түзету) |
| (Оң жақ жоғарыда көрсетілген қатысушының (бір ғана қатысушының) арадағы 3 түзетуі көрсетілмеген) | |
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:11, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі түзету
Үшінші Бозащы болысы — Қырғыз АКСР-дағы Адай уезінің әкімшілік бөліну бірлігі.
Әкімшілік бөлінуі
8 әкімшілік ауыл, онда 1432 үй бар.
Халқы және тұрмысы
Негізгі ру — Мұңал балалары. Рысалы — 247 үй, Жетімек — 14 уй, жартылай көшпенді, Жылыойда Жартышеке, Аққұдық маңдарында отырады. Ескелді әкімшілік ауылында 153 үй (одан 20 үй Игілік) қыста Көкжал құлауларында, жаз шыға көктемде Қарынжарық, Сеңгірқұмдарға, Қаратаудың шығыс бөлігіне жөне Қарақұмға дейін көшеді. Қысқа қарай Красноводскіге дейін қайтады. 1926 жылы осы аталған ауылдар көрсетілген құмдарды қыстады.
Болыстың 1000-ға тарта қожалықтары көп көшпей Бозащы түбегінің терістік шығысын жайлап жүреді. Олар Дәулеталы және Мұрат (Кеще) ауылдары. 200-дей үй Жиделі және Тұщықұдық, Оңтүстік батысында Қошақ араларында жүреді. Болыста балық шаруашылығын кәсіп етушілер жоқ. Өңір мал шаруашылығымен айналысады. Бұл болыста егін салушы да жоқ. Жаздағы көші қон ұзындығы 150 шақырымға дейін созылады.
Дереккөздер
- Маңғыстау энциклопедиясы, 4том