Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Шалқар (көл, Ақтөбе облысы)"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:09, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Көл Үлгі:Мағына ШалқарСолтүстік Арал алабындағы көл.

Географиялық орны

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы, Шалқар қаласының оңтүстік-батысында орналасқан.

Гидрографикасы

Теңіз деңгейінен биіктігі 167,0 м. Ауданы 5,65 – 7,9 км2, Ұзындығы 7,0 км, ең енді жері 1,8 км. Солтүстік және солтүстік-шығыс жағалауы жазық, қалған бөлігі жарлауытты. Көл Ескі Шалқар көлімен бір қазаншұңқырда жатыр. Ертеректе екеуі суы ащы бір көл болған, 1937 жылы тас-бетон бөгет арқылы көл екіге: солтүстік-шығыс тұщы (Шалқар көлі) және оңтүстік-батыс ащы (Ескі Шалқар көлі) көлдерге бөлініп қалды. Суы мол жылдары көл суының бір бөлігі бөгеттегі су жібергіш арқылы Ескі Шалқарға құйылады. Қауылжыр өзені құяды, бұрын көлден қайта ағып шығатын. Суы тұщы, минералдылығы 400 – 500 мг/л. Шалқар қаласының тұрмыстық-шаруашылық қажеттілігін өтейді, бау-бақша, мал суаруға пайдаланады.<ref name="test">Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер