Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қосан Мыңбайұлы Тасқынбаев"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:05, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Тұлға Қосан Мынбайұлы Тасқынбаев (14 желтоқсан 1953 Құлсары кенті, Жылыой ауданы, Гурьев облысы) — геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген геологы, Қазақстан мұнайшылары-геологтар қоғамының (KONG) вице-президенті.
Мазмұны
Өмірбаяны
Тасқынбаев Қосан Мынбайұлы 1953 жылы 14 желтоқсанда Атырау облысы, Құлсары кентінде дүниеге келген.
Білімі
Қосан мектепті үздік аяқтап, ұлттық кадрларды даярлау бағдарламасы бойынша 1971 жылы Мәскеудегі И.М. Губкин атындағы Мұнай және газ институтына оқуға жіберілді. Алайда 1972 жылы ол оқуын В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының (ҚазПТИ) мұнай факультетінде, Алматы қаласында жалғастырды.
1977 жылы В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының «Мұнай және газ кен орындарының геологиясы мен барлау ісі» мамандығын тау-кен инженер-геолог біліктілігі бойынша тәмамдады.
1992 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық мұнай-газ ғылыми-зерттеу институтында (ВНИГНИ) кандидаттық диссертация қорғап, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Каспий маңы ойпаты оңтүстігінің тұзданған шөгінділерінде мұнай-газ жиналған аймақтарды іске қосу және қалыптастыру заңдылықтары».
Еңбек жолы
1977 жылы еңбек жолын «Гурьевнефтегазгеология» өндірістік-геологиялық бірлестігінің Оңтүстік-Ембі мұнай барлау экспедициясында (ЮНРЭ) ұңғымаларды зерттеу операторы болып бастады. Кейін инженер-геолог, камералдық топтың аға геологы қызметтерін атқарды. Қысқа мерзім ішінде учаскелік, аға геолог, камералдық топ жетекшісі лауазымдарына көтеріліп, геологиялық-геофизикалық зерттеулер нәтижелерін талдау және іздеу бағыттарын айқындаумен айналысты.
Осы кезеңде оның қатысуымен Прикаспий ойпатының оңтүстік-шығысында Қисымбай мұнай кеніші ашылып, төменгі бордың валанжин қабаттарында мұнайдың бар екендігі дәлелденді. Бұл жаңалық Қазақстан мұнай геологиясында «валанжиндік бағыттың» бастамасына айналды.
Сонымен қатар, ол Биікжал СГ-2 терең ұңғымасының бұрғылануына қатысып, палеозой жыныстарының мұнай-газ әлеуетін анықтауға үлес қосты.
1983 жылы «Гурьевнефтегазгеология» бірлестігінің геология бөлімінің басшысының орынбасары.
1986–1988 жылдары Прикаспий мұнай барлау экспедициясының геология бөлімінің бастығы болды. Осы кезеңде оның жетекшілігімен Күмісбек кеніші ашылып, палеозой шөгінділерінің жоғары мұнай-газ әлеуеті дәлелденді.
1988–1992 жылдары — ҚазНИГРИ институтында болжамды қорлар секторының меңгерушісі болды.
1992–2000 жылдары — «Атыраумұнай» ЖАҚ президенті және вице-президенті.
1993–2000 жылдары — «Армакс» АОЗТ президенті, Дараймола кен орнын игеру жұмыстарын басқарды.
2001–2004 жылдары — «Ембімұнайгаз» ААҚ-ның перспективалық даму жөніндегі вице-президенті, кейін өндірістік филиалының бас геологы.
2005–2006 жылдары — «Қазахойл-Ақтөбе» ЖШС-нің геология және кен орнын игеру жөніндегі бас менеджері.
2006–2010 жылдары — Солтүстік Каспий акваториясындағы «Жамбай» ЖШС барлау блогының бас геологы.
2010–2014 жылдары — «ҚазНИГРИ» АҚ директоры. Оның басшылығымен Қазақстанның 15 шөгінді бассейнін кешенді зерттеу және мұнай-газ ресурстарын сандық бағалау бойынша ауқымды ғылыми жоба жүзеге асырылды. Институттың жоғары нәтижелері үшін 2012 жылы «Алтын Сапа» Президенттік сыйлығымен марапатталды<ref>https://kong.kz/events/luchshie-geologi</ref>.
Соңғы жылдары ол кадр даярлау және ғылыми білімді дамыту ісіне белсене атсалысты. Оның бастамасымен С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде Каспий ғылыми-зерттеу институтының құрамында Геология, геофизика және геохимия ғылыми орталығы құрылды.
2016 жылдан бастап — Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің мұнай-газ факультетінің деканы, кейін университет жанындағы Геология, геофизика және геохимия ғылыми орталығының директоры болды. 2021 жылы Қосан Мыңбаевұлына университеттің Құрметті профессоры атағы берілді.
Ғылыми және қоғамдық еңбектері
Қ. М. Тасқынбаев ғылыми-зерттеу және өндірістік геология саласында 45 жылдан астам еңбек етті. Ол Қазақстан аумағындағы тұзасты және тұзүсті шөгінді бассейндердің мұнай-газ әлеуетін зерттеу бағытындағы іргелі еңбектерімен танылды.
Ол Қазақстан мұнайшылары-геологтар қоғамының (КОНГ) тең құрылтайшысы және вице-президенті болды. КОНГ президенті Б.М. Қуандықовтың командасында вице-президент ретінде белсенді бастамалар көтеріп, қоғамның ғылыми және өндірістік бағыттағы қызметін дамытуға зор үлес қосты. Оның бастамасымен 2011 жылдан бастап жыл сайын Атырау қаласында халықаралық «AtyrauGeo» ғылыми-практикалық конференциялары және «Қазақстан геологиялық барлауы» форумдары өткізілді<ref>https://kong.kz/o-nas/12-osnovateli-obshchestva/39-taskinbaev-kosan-mynbaevich</ref>.
Ол 100-ден астам ғылыми мақалалардың, баяндамалардың және екі монографияның авторы және авторласқан:
- «Қазақстан Республикасындағы мұнай мен газдың неантиклинальды тұтқыштары» (2021),
- «Макат кен орнының 100 жылдығы. Қазақстан мұнай өнеркәсібінің қалыптасуы мен дамуы» (I дәрежелі сыйлық, ҚР ЖОО қауымдастығы),
- «Батыс Қазақстанның тектоникасы мен геофизикалық өрістерінің ерекшеліктері».
Сонымен қатар, ол «Қазақстан мұнайшылары-геологтар қоғамының еңбектері» (КОНГ) жинағының бас редакторы болған.
- Тасқынбаев Қ. М. Каспий маңы ойпатының оңтүстік бөлігіндегі тұзасты шөгінділерінде мұнай мен газ жиналу аймақтарының орналасу және қалыптасу заңдылықтары. Геология-минералогия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты/ Бүкілодақтық мұнай барлау ғылыми-зерттеу институты. Мәскеу, 1991<ref>https://search.rsl.ru/ru/record/01000024373?ysclid=mh1x2nd6sk265061780</ref>.
- Тасқынбаев Қ. М., Қуандыков Б. М., Қуантаев Н. Е. және т.б. — «Неантиклинальды мұнай және газ тұзақтары» (монография, Атырау, 2020).
- «Тектоника және Батыс Қазақстанның геофизикалық өрістерінің ерекшеліктері» (монография, 2021).
Жеке өмірі мен отбасы
Атасы – Тасқынбай Оразбайұлы (1888–1973).
Әкесі – Мынбай Тасқынбаев, Алматы заң институтын тәмамдаған, Жылой (Жилокосин) аудандық сотының төрағасы, кейін Гурьев қаласындағы адвокаттар алқасының төрағасы қызметтерін атқарған.
Анасы – Алуа Сейілханқызы Умарғазиева, Алматы қаласындағы әйелдер педагогикалық институтын бітірген, Кұлсары кентіндегі аудандық білім бөлімін басқарған, Қазақстан Республикасының ағарту ісінің үздігі.
Жұбайы — Бақытбике Айтқалиева Тасқынбаева (руы — Есентемір), Ташкент теміржол көлігі институтының түлегі (1976).
Балалары — Әсел (1980), Айгерім (1983), Сәуле (1985) және Мирас (1990).
Марапаттары мен атақтары
- «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының Күміс белгісімен және Құрмет грамотасы (2003).
- «Қазақстан Республикасының жер қойнауын барлаудың үздігі» төсбелгісі (2004).
- «Қазақстан Республикасының құрметті жер қойнауын барлаушысы» төсбелгісі (2012).
- ҚР Мұнай және газ министрлігінің медалі «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» (2013).
- Халықаралық экология және қауіпсіздік академиясының (МАНЭБ, Ресей) «Ғылымдағы еңбегі үшін» ордені (2013).
- «KazEnergy» медалі (2013).
- «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісі (2019).
- «Ерен еңбегі үшін» медалі (2022).
- «Қазақстан мұнайына 100 жыл», «120 жыл» және «125 жыл» мерекелік белгілері (1999, 2019, 2024).
- «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұнайшысы» атағы (2019).
- «Қазақстанның үздік мұнайшы-геологы» атағы (2021).
Ол сондай-ақ Халықаралық экология және қауіпсіздік академиясының (Санкт-Петербург) және Қазақстан минералдық ресурстар академиясының (Алматы) корреспондент-мүшесі болды.
Әдебиеттер
Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ІSВN 978-601-278-473-2
Л. М. Монастырская. Он любил жизнь во всем её многоцветье. Казакстанның ардакты мұнайшы - геологтары: Өмірбаян сериясы. «Қазақстан мұнайшылары-геологтар қоғамы» (КОНГ), Б. М. Қуандыков пен Н. Е. Қуантаевтың редакциясымен. Алматы, 2023. ISBN 978-601-7088-12-5
Дереккөздер
- Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті түлектері
- КСРО мұнайшылары
- Қазақстан мұнайшылары
- Қазақстан геологтары
- Қазақстан жер қойнауының құрметті барлаушылары
- Қазақстанның мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері
- Қазақстан мұнайына 100 жыл медалінің иегерлері
- Қазақстан мұнайына 120 жыл медалінің иегерлері
- Қазақстан мұнайына 125 жыл медалінің иегерлері