Қосан Мыңбайұлы Тасқынбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға

Қосан Мыңбайұлы Тасқынбаев 1953 жылы 14 желтоқсанда Гурьев облысының Құлсары кентінде туған. Қазақ.

  • Әкесі - Тасқынбаев Мыңбай (1927-1964), заңгер болған.Анасы - Омарғазиева Алуа Сейілханқызы (1928-2010), қазақ тілі пәнінің және әдебиет мұғалімі болып жұмыс істеген, мектеп директоры, аудандық халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі болған.
  • В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген (1977), инженер-геолог. Геология-минералогия ғылымдарының кандидаты (1992). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Каспий маңы ойпаты оңтүстігінің тұзданған шөгінділерінде мұнай-газ жиналған аймақтарды іске қосу және қалыптастыру заңдылықтары». Геология, кен орындарын зерттеу және қыртыстардан мұнай алуды арттыру тақырыптарына арналған 70-тен астам мақала мен баяндаманың авторы. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі.
  • 1977 жылдан - Оңтүстік Ембі МБЭ ұңғымаларды сынамалау цехында ұңғымаларды зерттеу женіндегі операторы, ОИТҚ инженер-геологы, аға геологы, камералықтоптың аға геологы. 1983 жылдан - «Гурьевмұнайгазгеология» ӨГБ геологиялық бөлімі бастығының орынбасары. 1986 жылдан - «Гурьевмұнайгазгеология» КГЭ Каспий маңы МБЭ геологиялық бөлімінің бастығы. 1988 жылдан – ҚазГЗГБИ мұнай мен газдың болжамды ресурстары және геологиялық барлау жұмыстарын перспективалы жоспарлау секторының меңгерушісі. 1992 жылдан - «Атыраумұнай» ЖАҚ вице президенті, президенті. 2001 жылдан - «Ембімұнайгаз» ААҚ перспективалы даму жөніндегі вице-президенті. 2004 жылдан - «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ «Ембімұнайгаз» ӨФ бас геологы. 2005 жылдан - «Қазақойл-Ақтөбе» ЖШС геология және пайдалану менеджері. 2006 жылдан - «Жамбай» ЖШС бас геологы. 2010 жылдан бері - «ҚазҒЗГБИ» ЖШС директоры. «Қазақстан мұнайшы-геологтарының қогамы» қоғамдық бірлестігінің вице-президенті. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ күміс белгісімен және құрмет грамотасымен (2003), ҚР энергетика және минералдық ресурстар министрінің құрмет грамотасымен (2009) марапатталған. ҚР Жер қойнауын барлау үздігі (2004).
  • Әскери атағы - запастағы аға лейтенант. Діни көзқарасы - атеист. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - У. Черчилль. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Оптимисттік» Хоббиі - саяхат, оқу, нумизматика, фото. Сүйіп оқитын әдебиеті - поэзия, өмірбаяндар, тарих
  • Үйленген. Жұбайы -Тасқынбаева Бақтыбике Айтқалиқызы «Тасмик» ЖШС директоры. Қыздары – Тасқынбаева (1980 ж. т.), Тасқынбаева Әйгерім (1983 ж. т.), Тасқынбаева Сәуле (1985 ж. т.); ұлы - Тасқынбаев Мирас (1990 ж.т<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<References/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}