Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қараағаш жотасы"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш («Алакөл ауданы географиясы» деген санатты аластады; «[[Санат:Алакөл ауданы таулары|Алакөл ауданы таулар) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:02, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Қараағаш – Қандарақ жотасының солтүстігіндегі жота.
Географиялық орны
Жетісу облысы Алакөл ауданы Лепсі ауылының оңтүстік-батысында 21 км жерде орналасқан. Тентек және оның сол саласының суайрығында.
Жер бедері
Жота теңіз деңгейінен 2850 – 3000 м биіктікте. Солтүстік беткейі көлбеуленіп, тауаралық аңғарға ұласады. Жотаның түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Оңтүстік бөлігі тік құз-жартасты келген.
Өсімдігі
Тауалдының қара, қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында көктерек, қайың, арша, т.б. өседі.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>