Қараағаш жотасы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қараағаш – Қандарақ жотасының солтүстігіндегі жота.
Географиялық орны
Жетісу облысы Алакөл ауданы Лепсі ауылының оңтүстік-батысында 21 км жерде орналасқан. Тентек және оның сол саласының суайрығында.
Жер бедері
Жота теңіз деңгейінен 2850 – 3000 м биіктікте. Солтүстік беткейі көлбеуленіп, тауаралық аңғарға ұласады. Жотаның түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Оңтүстік бөлігі тік құз-жартасты келген.
Өсімдігі
Тауалдының қара, қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында көктерек, қайың, арша, т.б. өседі.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>