Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ұлы Сам болысы"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
ш («Қазақстанның болыстары» деген санатты аластады; «Адай уезі болыстары» деген ) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
22:28, 2026 ж. шілденің 7 кезіндегі түзету
Ұлы Сам болысы — Қырғыз АКСР-дағы Адай уезінің әкімшілік бөліну бірлігі.
Әкімшілік бөлінуі
4 әкімшілік ауылдан құралады.
Халқы және тұрмысы
Негізгі рулары Адай, Табын, 3000 үйге жақын. Болыс шаруалары түгелге дерлік көшіп жүреді. Болыстың 750 қожалығы жартылай көшпенді. Оның 250 қожалығы 1920 жылға дейін Қоңыратқа дейін қоныстанып жүрді. Болыстың үлкен бөлігі Үстірттің оңтүстігінде Қартбай сор, Қосбұлақ, Белсексеуіл, Ақсексеуіл, Белдеуліні қыстаса, аз бөлігі Самның Оңтүстігінде Көксеңгір, Қараой жерлерін жайлаушы еді. 1920 жылдан кейін Сам, Матай құмдарының терістігіне ауысты. Атап айтқанда: Ақсай, Кіндікті, Қайнар, Айрық, Аққоңырдан, Теріскен, Кедей, жалпы Жемнің өр басына дейін қоныстанып, Жем, Қарақобда болыстарымен шектесіп, Мұғалжар тауларына дейін барды.
Дереккөздер
- Маңғыстау энциклопедиясы, 4том