Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Тәжен"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
|
22:54, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Тәжен — Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданындағы ауыл. Тәжен ауылдық округінің орталығы.
Мазмұны
Географиялық орналасуы
Аудан орталығы – Бейнеу ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 76 км жерде, Өзбекстанмен шекараға жақын орналасқан.
Тарихы
Ауыл Маңғыстау облысы мәслихатының 2006 жылғы 28 шілдедегі N 16/288 шешімі және Маңғыстау облысы әкімінің 2006 жылғы 31 мамырдағы N 188 қаулысы бойынша құрылды<ref>Бейнеу ауданының Ақжігіт ауылдық округінің құрамында Тәжен аулын құру туралы</ref>.
Халқы
Тұрғыны:
- 299 адам (154 ер және 145 әйел адам) (2009)<ref name="source3">- 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том</ref>;
- 211 адам (2016)
2016 жылға қарай Тәжен ауылында 211 тұрғын бар. Бұл 2015 жылғымен салыстырғанда 12 адамға көп. Оның ішінде зейнеткерлер саны - 15, мектеп жасына дейінгі бала саны - 44, мектеп жасындағы бала саны - 46. Жұмыс жасайтын адамдар саны - 54 адам. Отбасы саны да көбейіп келеді. Тұрғын үй саны - 28-ге жетті. Ауылымызға көршілес мемлекеттен, басқа да елді мекендерден көшіп келушілер де артып келеді<ref>Тəжен ауылдық округі əкімінің есебі</ref>.
Ауыл шаруашылығы
2016 жылға қарай ауылда екі шаруақожалығы бар, олардағы мал саны: түйе – 481 бас, жылқы – 250 бас, қой, ешкі – 541 бас, мүйізді ірі қара – 5 бас<ref>Тəжен ауылдық округі əкімінің есебі</ref>.
Инфраструктурасы
2015 жылы «Тәжен мектеп-балабақша кешені» ғимаратының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Ауылда медпункт, кітапхана, клуб, полиция, әкімшілік, мектеп жұмыс істеуде.
Дереккөздер
Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Бейнеу ауданы елді мекендері