Тәжен

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан

ТәженМаңғыстау облысы, Бейнеу ауданындағы ауыл. Тәжен ауылдық округінің орталығы.

Географиялық орналасуы

Аудан орталығы – Бейнеу ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 76 км жерде, Өзбекстанмен шекараға жақын орналасқан.

Тарихы

Ауыл Маңғыстау облысы мәслихатының 2006 жылғы 28 шілдедегі N 16/288 шешімі және Маңғыстау облысы әкімінің 2006 жылғы 31 мамырдағы N 188 қаулысы бойынша құрылды<ref>Бейнеу ауданының Ақжігіт ауылдық округінің құрамында Тәжен аулын құру туралы</ref>.

Халқы

Тұрғыны:

2016 жылға қарай Тәжен ауылында 211 тұрғын бар. Бұл 2015 жылғымен салыстырғанда 12 адамға көп. Оның ішінде зейнеткерлер саны - 15, мектеп жасына дейінгі бала саны - 44, мектеп жасындағы бала саны - 46. Жұмыс жасайтын адамдар саны - 54 адам. Отбасы саны да көбейіп келеді. Тұрғын үй саны - 28-ге жетті. Ауылымызға көршілес мемлекеттен, басқа да елді мекендерден көшіп келушілер де артып келеді<ref>Тəжен ауылдық округі əкімінің есебі</ref>.

Ауыл шаруашылығы

2016 жылға қарай ауылда екі шаруақожалығы бар, олардағы мал саны: түйе – 481 бас, жылқы – 250 бас, қой, ешкі – 541 бас, мүйізді ірі қара – 5 бас<ref>Тəжен ауылдық округі əкімінің есебі</ref>.

Инфраструктурасы

2015 жылы «Тәжен мектеп-балабақша кешені» ғимаратының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Ауылда медпункт, кітапхана, клуб, полиция, әкімшілік, мектеп жұмыс істеуде.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Бейнеу ауданы елді мекендері