Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жаңаарық қалашығы"
ш (Салиха Жаңарық бетін Жаңаарық қалашығы бетіне жылжытты: Қате жазылған тақырып: Қатені жөндеу) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы
Жаңаарық – орта ғасырдан сақталған ежелгі қала орны.
Орналасқан жері
Түркістан облысы Отырар ауданы, Шілік ауылынан шығысқа қарай 8 км жерде, Бөген өзенінің бойында орналасқан.
Сипаты
1969 жылы Отырар археологиялық экспедициясы (жетекшісі К. Ақышев) зерттеген.
Қала орны солтүстік бағыт бойынша 190 м-ге, батыс-шығыс бағыттары бойынша 300 м-ге созылып жатыр, биіктігі 7-8 м. Жаңарықтың оңтүстігінде төбесі жазық дөңгелек мұнара тәрізді қамал болған. Оның төбесіндегі тегіс алаңның диаметрі 3 м, биіктігі 13 м. Айналасы бекіністік дуалмен қоршалған.
Археологиялық қазба деректері қаланың VII-VIII ғасырлардан бастап XIII-XV ғасырларға дейін болғанын анықтады. Қазба жұмыстары кезінде табылған қыш ыдыстар, әр түрлі темір бұйымдар (пышақтар, қол орақ сынықтары), тас диірмендер, шыны көзелер бұл аймақтағы халықтың отырықшы болғанын, мал шаруашылығымен, қолөнермен айналысқанын көрсетеді.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>