Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Құйрықтөбе"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш Қазақстан археологиялық ескерткіші» деген санатты аластады; «[[Санат:Қазақстан археологиялы)
 
ш (1 түзету)
(айырмашылығы жоқ)

19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі түзету

Үлгі:Көне қалашық Құйрықтөбе (Кедер) – Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген ортағасырлық қалашық.

Географиялық орны

Түркістан облысы Отырар ауданы Қоғам ауылынан солтүстік-батысқа қарай 3 км, ортағасырлық Отырар қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 5 км жерде, Арыс өзенінің Сырдарияға құяр сағасында орналасқан.

Зерттелуі

Қаланы 194951 жылдары Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі А. Н. Бернштам), 1981 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы (жетекшісі К. А. Ақышев) зерттеді.

Сипаты

Қазіргі орнының биіктігі 7,5 м, солтүстіктен батысқа қарай 250 м-ге созылған, батысының ұзындығы 125 м, оңтүстік-батысы 225 м, оңтүстік-шығысы 180 м болып келетін төбешік. Құйрықтөбенің оңтүстік-батыс бұрышында диаметрі 30 м, биіктігі 15 м төбешік түріндегі цитадель орны бар. Цитадель айналасында 4 мұнараның қалдықтары сақталған. Археология қазба жұмыстары нәтижесінде 7–12 ғасырлар аралығына жататын мәдени қабаттар аршылды. Бұл қабаттардан керамикалық ыдыс, құмыра, көзе, тостаған, адам мен жануарлар мүсіндері, 7–8 ғасырларлар теңгелері, т.б. шаруашылыққа қажетті бұйымдар табылған. Зерттеу барысында күйдірілген және шикі кірпіштен салынған, қабырғаларының қалыңдығы 1,5 м, ауданы 36,5х20,5 м мешіт орны анықталған. Ішінен табылған заттарға қарағанда мешіт XI-XII ғасырларға жатады<ref>Қ18 Қазақстан ғылымы: Энциклопедия./ Бас. ред. Б. Ө. Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2010. Т.2.– 544 бет. ISBN 9965-893-30-1</ref>.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Навигациялық кесте