Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Айбын Шағалақов"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
(мамандығы)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

11:38, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Wikify Айбын Шағалақовжурналист, аудармашы. Алматы облысының бұрынғы Шелек ауданына қарасты «Нұрлы» ауылында дүниеге келген. Алматыдағы дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын № 2 орта мектебін тәмамдаған ол әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетінде білім алуды жалғастырады. 2000 жылдан 2007 жылға дейін Қазақ ақпарат агенттігінде (қазіргі Казинформ) тілші, аға тілші, шолушы болған. 2007-2008 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінде 3-хатшы, .2008-2009 ҚазАқпаратта бөлім басшысы, "Айқын" газетінің астаналық филиалының тілшісі, 2009 жылдан "Алаш айнасы" газетінің Астана филиалының басшысы қызметтерін атқарған. 2013 жылдан 2016 жылдың маусымына дейін Президенттің баспасөз қызметінде сарапшы, консультант, 2016 жылдың шілде айынан 2022 жылдың наурызына дейін "Егемен Қазақстан" Республикалық газеті" АҚ-да бас редактордың орынбасары, басқарма төрағасының орынбасары-бас редакторы, басқарма төрағасының орынбасары болды. 2022 жылдың наурызынан KAZMEDIA HOLDING компанясында басқарушы директор–National Geographic Qazaqstan журналының шеф-редакторы.

Үлгі:Суретсіз мақала