Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Аркен Кеңесбекұлы Арыстанов"
(removed AMP tracking from URLs (details) (report error) v2.2.9s) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
11:34, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Аркен Кеңесбекұлы Арыстанов (7 наурыз 1966, Алматы) — қазақстандық дипломат, елші, экономист, Қазпошта төрағасы (2000—2006, 2011—2013). Экономика ғылымдарының докторы және II дәрежелі Төтенше және Өкілетті уәкіл.
Өмірбаяны
1966 жылы 7 наурызда Алматыда дүниеге келді.
Білімі
1988 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің экономика факультетін “экономист” мамандығы бойынша тәмамдады. Одан бөлек, Джавахарлал Неру және Қазан университеттерінде тәжірибеден өтті. 2004 жылы “Қазақстанның қаржы-банк қызметтері нарығындағы пошта-жинақ жүйесі: реформалау теориясы, әдіснамасы және практикасы” тақырыбында жоба қорғап экономика ғылымдарының докторы атанды.
Мансабы
- 1992—1993 — "Қазақстан-Коммерция" РВПА бас маманы,"Қазхлебпродукт" мемлекеттік концернінің ЖЭС бөлімінің бастығы;
- 1993—1994 — Қазақстан Экономика министрлігі жанындағы Шетелдік инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттік басқармасының бастығы;
- 1994—1996 — Валюталық реттеу департаменті директорының орынбасары, Халықаралық қатынастар департаментінің директоры;
- 1996—1998 — АТФ Банкі төрағасының кеңесшісі, орынбасары, коммерциялық Департамент бастығы;
- 1998—2000 — Қазақстан Халық банкі төрағасының кеңесшісі, Облыстық филиал директорының бірінші орынбасары, кредиттік департамент басшысы-Басқарушы директор, кредиттік тәуекелдер департаментінің директоры;
- 2000—2006 — Қазпошта төрағасы, төраға орынбасары;
- 2001—2005 — Байланыс саласындағы өңірлік достастықтың пошта байланысы операторлары Кеңесі төрағасының орынбасары;
- 2003—2006 — “Пошталық байланыс. Техника және технология” журналының редакциялық алқасының мүшесі;
- 2005—2006 — Байланыс саласындағы өңірлік достастықтың пошта байланысы операторлары Кеңесінің төрағасы;
- 2008—2011 — Қазақстан Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқарма мүшесі
- 2006—2011 — Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің төрағасы;<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
- 2011—2013 — Қазпошта төрағасы;<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
- 2014—2019 — Қазақстанның Франциядағы Елшілігінің Инвестициялар жөніндегі кеңесшісі;
- 2019—2022 — Қазақстанның Сингапур, Жаңа Зеландия және Аустралиядағы елшісі;<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
- 2023 — "KazAID" Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің” төрағасы.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Жеке өмірі
Үйленген, әйелі Индира Сәбитқызы Бабаева (1967 туған) экономика ғылымдарының кандидаты. Балалары: 2 қызы — Азиза Арыстан мен Женева Арыстан (1998 туған). Қызы Женева 2024 жылы жазда тұрмысқа шықты.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Әкесі Кеңесбек Арыстанұлы Арыстанов геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, доцент; анасы Күләнда Хәкімжанқызы Хәкімжанова медицина ғылымдарының кандидаты, доцент.
Еңбектері
- “Қаржы-банк қызметтері нарығындағы Қазақстанның пошталық жинақ жүйесі” монографиясы (2010);
- «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» монографиясы (2010);
- “Бағалы қағаздар нарығы. Оқу құралы.” (2010);
- «Сингапурдың табыс құпиялары» кітабының электронды нұсқасы (2021).
Марапаттары
- Қазақстан кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамотасы (2002);
- Қазақстан темiр жолына 100 жыл медалі (2004);
- Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалі, Құрмет ордені (2005);
- Астанаға 10 жыл медалі (2008);
- Парасат ордені (2012);
- II дәрежелі Төтенше және Өкілетті уәкіл (2019).